19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Гоминьдандық режимнің нығаюы (1927-1937)



бет84/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Гоминьдандық режимнің нығаюы (1927-1937). 20-жылдардағы ұлттық революцияның негізгі қорытындысы саяси қурылыстың ауысуы болды. Қытайдың соғыс жолымен бірігуінен соң солтүстік милитаристерінің бақылуында болған бұрынғы билік жүйесі гоминьданның бір партиялық айқын авторитарлық сипатты (Чан Кайшидің жеке басының) билігімен ауыстырылды. Гоминьдандық режим Қытайдың капиталистік дамуын жақтады, жекеменшік иелерін кедейлердің қол сұғуынан қорғады, коммунистерге қарсы бірінші оғыс ашты. Сонымен бірге ұлтшылдық ұрандар мен самарқау әлеуметтік реформаларды пайдаланып, өзінің әлеметтік негізін кеңейтуге тырысты. Сыртқы саясаттын Гоминьдан өзінің 1924 ж. бірінші конгресінде жариялаған мақсаттарына сәйкес тең құқықты емес келісімдер мен шарттарды тезірек жою деп санады.

1928 ж. өзінде-ақ Нанкин үкіметі Қытай рыногін шетелдік бәсекеден қорғайтын кеден автономясын қалпына келтіретіндігің жария етті. Онымен қоса қабат ұлттық рыноктың дамуына тұсау болған ішкі кедендік кедергілер де жойылды. Келіссөздер арқылы үкімет 33 концессияның 20-сын Қытайға қайтарды. Оның есесіне Гоминьданның ұлттық қайта құру жоспаларын іске асыру ушін шетелдерден қомақты қаржылай көмек алу жөніндегі есебі түгелдей сәтсіздікке ұшырады.

Қытайдың сыртқы саяси жағдай қарулы шапқыншылығы басталғаннан кейін күрт шиеленісті. 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алды.

Гоминьдан үкіметінің батыс елдерге жапон басқыншылығынтоқтаттыру туралы өтініштері сәтсіздікпен аяқталды. Бұл жағдай Чан Кайшиді 1935-1936 ж. тағы да Кеңес Одағына әскери және қаржылай көмек көрсету жөніндегі өтініш жасауға мәжбур етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет