Азаматтық ынтымақтастықтан бас тартудың екінші науқаны 1930 ж. суірде басталды. Ол 20-жж. басындағыдай сипатта жүргізілді. Ағылшын билік орындары науқанды заңсыз деп жариялады. Қозғалыс басшылары, оның ішінде Ганди де тұтқынға алынды. Қозғалысқа қатысушылардың 60 мыңдай адам түрмеге жабылды. Кей жерлерде толқулар көтеріліске айнала бастады. Толқулар армияны да қамтыды. Солдаттар оқ атудан бас тарты.
1931 ж. 5 наурызында ҮҰК пен вице-король әкімшілігінің арасында келісім жасалып, ол бойынша ағылшындар жағы жазалауды тоқтатуға және қамауға алынғандарды босатуға міндеттенді, ал конгресс азаматтық бағынбау науқанын тоқтататындығын жариялады. Ганди Үндістан мәселелерін талқылау үшін Лондонда шақырылатын «дөңгелек стол» конференциясына қатысуға келісімін берді. Сөйтіп күрес келіссөздер столының басына көшірілді.
«Дөңгелек стол» конференциясына ҮҰК «Үндістан азаматтарының негізгі құқықтар мен міндеттер туралы» құжат ұсынды. Онда маңызды пункттер болды: Үндістанда буржуазиялық-демократиялық бостандықтар енгізу, касталық және діни теңдікті мойындау, діни факторларды ескере отырып, елдің әкімшілік-территориялық құрылымын қайта ақарау, еңбек ақының ең төмен деңгейін белгілеу, жерді жалға алғандығы үшін ақыны төмендеті, салықтарды азайту. Конференция сәтсіздікпен аяқталды.
Күш қолданбай қарсыласу науқаны отаршылдық режимінің іргесін шайқалтты. 1937 ж. жаңа сайлау жүйесі бойынша отарлық және провинциялық заң шығарушылық жиналыстардың сайлауы болып өтті. Үндістанның ұлттық конгресі Үндістанның 11 провинциясының 8-де сайланған орындардың көпшілігіне ие болып, оларда жергілікті үкімет құрды. Бұл елдері билікті қолға алу жолындағы «парламенттік тәжірибе» жинаудағы үлкен қадам болды.
1939 ж. екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және 1939 ж. 3 қыркүйекте Ұлыбританияның Германияға соғыс жариялауына байланысты Үндістан вице-королі Үндістанды соғысқа қатысушы жақ деп жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |