19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


жж. экономикалық дағдарыс және саяси тұрақсыздық



бет93/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

30 жж. экономикалық дағдарыс және саяси тұрақсыздық. 1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс аймақ елдеріндегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың сыртқы рынокқа тәуелді екендігін көрсетті. Дағдарыс жылдарындағы Латын Америкасының дәстүрлі өнімдеріне сұраныс күрт төмендеді. Мыңдаған плантациялар, зауыттар мен фабрикалар тұрып қалды. Сұраныс табылмаған миллиондаған кофе, астық, плантациялық өнімдер жойылды. Көптеген адамдар жұмыссыз қалды. Орташа таптардың күнкөріс жағдайы нашарлап кетті. Осы жағдайда әрбір елдегі оқиғалар әртүрлі сипатта өрбіді.

Билік басында либералдық-реформашылдық үкіметтер отырған елдерде дағдарыс оларға қарсы бағытталып, оңшыл оппозиция күштерінің қолындағы құралға айналды. Аргентинада тап осылай болды. әскери төңкерістің нәтижесінде Иригойен үкіметі құлатылып, билік басына консервативтік топтар келді.

Бразилияда, керісінше дағдарыс билеуші «кофе» олигархиясының шебін әлсіретіп, оны буржуазиялық-ұлтшыл оппозициялық топтар пайдаланып кетті. 1930 ж. буржуазиялық революция олигархиялық режимді құлатты.

Колумбияда сол жылы консервативтік олигархиялық режимнің орнына либералдық-реформашыл режим келді.

Чили мен Кубада 30 жж. басындағы жаппай революциялық оқиғалардың нәтижесінде дағдарыс басталар алдында ғана орнатылған диктатуралық режимдер жойылды.

Чилиде 1932 ж. 12 күндей үкіметті социалистер басып алып, «социалистік революция» жариялады. Бірақ аз уақыт ішінде конституциялық басқару қалпына келтірілді.

Латын Америкасында экономиканы реттеудің әртүрлі нұсқалары орын алып, олар әртүрлі ауқымда іске асырылды. Аргентинада Августино Хустоның үкіметі кезінде (1932-1938) экономикаға мемлекет тарапынан араласу қазынаның кірістерін және агроэкспорттық олигархияны қолдау мақсатымен жүргізілді.

Бразилияда Жетулио Варгастың (1930-1945) ұлтшылдық диктатурасы тұсында мемлекеттік реттеу тікелей ұлттық-буржуазиялық топтардың мүдделерін қорғады.

Чили мен Мексикада мемлекеттің экономикаға кірісуі кең ауқымды ұлтшыл-отансүйгіш демократиялық және солшыл күштердің, оның ішінде орта және ұсақ кәсіпкерлердің, шаруалар мен қала еңбекшілері топтарының мүдделерін көздеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет