3. Ағылшын-француз-кеңес келіссөздері.
1939 ж. көктемінде Еуропадағы жағдай күрт шиеленісті. «Тыныштандыру» саясаты толығымен банкрот болды.
Германия 15 наурызда Мюнхен келісімін бұзып, Чехословакияны басып алды. Бір аптадан кейін Польшадан Гданьск қаласын (Данциг) беруді талап етті, Литваның Клайпеда облысын басып алды. Фашистік Италия сәуірде Албанияны басып алды. Бұл басқыншылық актілерді дүниежүзілік жаңа үлкен соғысқа алып келді және Англияның, Франция мен Кеңес Одағының халықаралық жағдайын әлсіретті. әсіресе Франконың фашистік режимі түпкілікті орнықаннан кейін фашистік мемлекеттердің қоршауында қалды.
1939 ж. сәуір-мамырда кеңес үкіметі Англия мен Франция үкіметтерімен өзара көмек және КСРО-мен шектесетін шығыс Еуропа елдеріне көмек беру туралы келіссөздер бастады. Бір мезгілде әскери конвенцияға қол қою қарастырылған болатын. өзара хат жазысу бірнеше айға созылды, бірақ саяси келіссөздер тұйыққа тірелді. 12 тамызда Англия, Франция, КСРО әскери мәселелер туралы келіссөздер бастауға шешім қабылдады, себебі онсыз қандай да болмасын герман басқыншылығына қарсы тұру жөніндегі саяси келісімнің ешқандай парқы жоқ болып шығар еді. Бірақ әскери келіссөздер де сәтсіздікке ұшырады.
1939 ж. маусым-тамызда әртүрлі мәселелер және саяси мәселелер, оның ішінде Ұлыбритания мен Германия арасында шабуыл жасаспау туралы пактіге қол қою туралы ағылшын-герман келіссөздері жүргізілді. Бірақ дәл осы кезде жасырын кеңес-гермен келіссөздері де қызу жүріп жатты.
Германия ағылшын-француз-кеңес келіссөздерін болдырмауға және Польшаға шабуыл жасаудың алдында КСРО-ның бейтараптығын қамтамасыз етуге мүдделі болды.
Жасырын кеңес-герман келіссөздерінің барысында кеңес-герман жақындауының шарттары, шабуыл жасаспау туралы пактінің нұсқасы және екі елдің шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпал аймақтарын белгілеу мәселелері келісілді.
Шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман пактіне 1939 ж. 23 тамызда қол қойылды. Шабуыл жасаспау туралы келісімде келісуші жақтардың біреуінің үшінші бір елдермен соғыс жанжалы шыға қалған күнде бейтараптық сақтайтындығын қарастырды. Германия мен КСРО мүдделерінің аймақтарына белгілеу туралы құпия протокол КСРО-ға Балтық жағалауы республикалары мен Финляндия жөнінде «еркін қимылдауға» ерік берді және Польшаны бөлісуге қатысу жөнінде келісімді қарастырды. Бұл кеңестік сыртқы саясатта осы уақытқа дейін Англия мен Францияның, АҚШ-тың бейтараптық сақтау жағдайында жүргізіліп келген мюнхендік «тыныштандыру» бағытына бетбұрыс жасағандығын көрсетті. 1939 ж. 1 қыркүйегінде Германияның Польшаға шабуыл жасауымен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Польшаға көмектесуге уәде байласқан Англия мен Франция Германияға соғыс жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |