Жапония
1868ж. Мэйдзи (император Муцухито) қалпына келтіруден кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 20ғ соңғы үштігінде Жапонияның капиталистік дамуы шапшандай түсті. Император билігін қалпына келтіру барысында толғағы жеткен реформаларды жүргізуге қарсылық білдірген феодалдық топтар елді басқару ісінен аласталды.
1870-1880 жж реформалар Жапонияны халықаралық оқшауланудан құтқарып, дүниежүзілік шаруашылыққа жақындастырды, капиталистік және әлеуметтік саяси дамуда аса ірі өзгерістерге себеп болды. Феодалдық топтардың ықпалының әлсіреуіне аграрлық реформа әсер етті, жердің біраз бөлігі шаруаларға берілді. Ауыл шаруашылығында феодалдық қатынастардың қалдықтарының көптігіне қарамастан, тауарлы өндірістің дамуына кең жол ашылды.Жас жапон капитализмі құрлықта үлкен экспансияға дайындалып жатты.Княздердің жойылуы, профектурлардың енгізілуі елдің бытыраңқылығын жойып, жалпыұлттық рынокті қалыптастыруға мүмкіндік ашты.
Жапон буржуазиясының әлсіздігі мемлекеттің қазыналық кәсіпорындар мен арсеналдар салудағы жетекші рөлін белгілеп берді: 1880-1890жж. көптеген мемлекеттің зауыттар мен фабрикалар жеке адамдарға жалға берілді немесе сатылды. Ірі компаниялар (Мицуи, Мицубиси, Ясуда , Асано) құрылды. Кәсіпорындар жиі дворяндарға, жоғарғы шенеуніктерге беріліп отырды. Осылайша император сарайы, буржуазияланып кеткен помещиктер мен ұлттық буржуазияның арасында тығыз байланыстар орнады.
Мемлекет есебінен транспорт және байланыс жүйелері салынды. Сонымен бірге жапон өнеркәсібінде ұсақ кәсіпорындардың үлесі басым болды. Техникалық даму дәрежесі жағынан Жапония еуропалық капиталистік мемлекеттерден әлде қайта артта қалды. Мемлекет қарыз беру арқылы өнеркәсіптің дамуын қолдап отырды, бірақ артықшылық армия мен флотты жабдықтаушы фирмаларға берілді. Жапонияның сыртқы экспансиясы ұлттық стратегия және қоғамды жаңарту жолы ретінде аса жоғары маңызға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |