19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


«Реформалардың жүз күні» және олардың сәтсіздікке ұшырауы



бет19/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

«Реформалардың жүз күні» және олардың сәтсіздікке ұшырауы. Ұлт-азаттық қозғалысының конституцияшыл-монархиялық канаты Кан Ювейдің атымен байланысты болды. Ол бірнеше рет императорға қажетті реформалардың бағдарламаларын қосып, баяндамалар жіберді, олар әруақытта қабылданбады. Бірақ 1894-1895 жж. жапон-қытай соғысындағы жеңіліс императорды бұл кеңестерге құлақ асуға мәжбүр етті. 1898 ж. шілде-тамыз айларында реформалар пакеті жарияланды. Жаңартуға бағытталған бұл қадам «реформаның жүз күні» деп аталды. Бірақ милитаристер қолдау көрсеткен сарай мен император-ана Цы Си мемлекеттік төңкеріс жасады. Император Гуансюй қамауға алынып, үй тұтқынына айналды. Кан Ювэй қашып кетті, оның кейбір пікірлестері тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. Цы Си өзін императрица-регентша деп жариялады. Реформа жасауға деген алғашқы талпынысқа осылай тыйым салынды.

Сунь Ятсеннің революциялық қызметінің басталуы. 1890 жылдардың соңында Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Сунь Ятсен болды. Ол Маньчжур әулетін құлатуға шақырып, үгіт жүргізді және көтеріліс дайындады. Бірақ революционерлердің әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Сунь Ятсен Қытайдан қашуға мәжбүр болды.

Реформалардан бас тарту елдегі саяси дағдарыстарға алып келді. Шетелдіктерге қарсы күреске қалың халық шықты. 1899-1900 жж. Қытайда Ихэтуань көтерілісі (боксерлер көтерілісі) болды. Көтеріліс 1899 ж. немістер билік жүргізген Шаньдунь провинциясында басталды. Неміс әскерлерінің көтерілісті басып тастауға жасаған әрекетінен ештеңе шықпады, сөйтіп халық көтерілісі басқа провинцияларға тарады. Көтерілісшілер шетел өкілдіктерін, кәсіпорындарды, концессияларды қиратты. 1900 ж. гермен фельдмаршалы Вандерзеенің басшылығымен 8 мемлекеттің – Англия, АҚШ, Ресей, Жапония, Франция, Италия, Германия және Австрия-Венгрияның әскерлері қатысқан шетел интервенциясы басталды. Көтеріліс басып-жаншылды.

1905 ж. жазында Қытайдың бірнеше буржуазияшыл-демократиялық және ұлтшыл қоғамдарының Сунь Ятсеннің басшылығымен бірігуі аса маңызды оқиға болды.

Сунь Ятсеннің «Үш халықшылдық принципі»:


  1. «Ұлтшылдық» – жатжерлік маньчжур әулетін құлату;

  2. «Халық билігі» – монархиялық құрылысты жойып, республика жариялау;

  3. «Халықтың әл-ауқаты» – жерге құқықты теңгеру.

1906-1908 жж. Цы Си көтерілістердің жиілеуі себебінен бірсыпыра реформалар жасауға келісті. Бірақ 1908 ж. Цы Си мен үй тұтқынында отырған бұрынғы император Гуансюй қайтыс болды. Сарай маңы екі жасар Пу И маңында шоғырланып, реформалар процесі тоқтатылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет