19 ғасырдың I жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаушылар



Дата30.01.2022
өлшемі15,96 Kb.
#116223
Байланысты:
Диктант


19 ғасырдың I жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаушылар.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туды. 20 жасынан Жəңгір ханның ұлы Зұлқарнайынмен бірге 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды. Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Ол поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Ол шығармаларында езілген еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді. 1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты.

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-1838 жылдардағы Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Шернияздың əдебиет саласына қосқан жаңалығы – суырып салма өнерді жетілдіруі. Өлеңдерінде феодалдардың оғаш мінездерін əжуалап, əшкереледі.

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) – Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып өскен. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже – ірі эпик ақын, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Шоқан Уəлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ) – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракəстек ауылында дүниеге келді. Тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жастан ақындық өнерге машықтана бастады. Оның өлеңдерінде өмір шындығы, еңбекшілердің ой-арманы айқын сезіледі. Сүйінбай – Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанып, Жамбылдың ұстазы болған.

19 ғасырдың музыкалық мəдениетінде елеулі із қалдырған көтеріліс - 1836- 1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең тарағаны – домбыра. Өнерімен халыққа жағымды болғандарға сал, сері деген құрметті атақтар қосылып айтылатын болған. Ауқатты қазақтар айбалта, жебесі мен қорамсағы бар садақ ұстады. Белгілі әскербасылар мен батырлардың сауыты, қалқаны, қылышы, металмен ұшталған найзасы болды. Қазақ жасақтарының ішінде мылтық ұстайтындары да кездесетін. Мылтықты негізінен Орта Азия саудагерлерінен малға немесе шикізатқа айырбасқа алатын.



Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиhангездерін таң қалдырды. Ал орманды өңірде алты қырлы ағаш құрылыстар мен орыс қонысы типтес бір бөлмелі үйлер кеңінен тарады. Хан, сұлтандар ортасынан шыққан дәулетті ақсүйектер кептірілген бөренеден бірнеше бөлмелі үйлер салдырған. Ресейге қосылу барысында көшпелі өмірден отырықшылыққа ойыса бастауының әсері қазақтардың тұрғын-жайларынан көрінген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет