1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс 3



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі178,58 Kb.
#189460
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-124674
Стандарт

Қорытынды


Қозғалыстың тарихи маңызы - халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуіне әсер етті. Отаршылдық езгіге қарсы күш ретінде сезінуге үйретті.


Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. Алайда, көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда тұрақты, жеткiлiктi біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Көтеріліс патшаның малайлары ретінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы - Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты.


  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі


Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы.-Алматы, 1997.
Тәнекеев С. 1916 көтеріліс.-Алматы экономика, 2002.
Жас Алаш №25,2002.
Жас Алаш №14,2000.
Жас Алаш №1,2001.
Егемен Қазақстан 26 сәуір 2002.
Түркістан 23 ақпан 2001.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет