1927 ж желтоқсанда XV съезде ұжымдастыру саясатына



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,84 Kb.
#85372
  1   2   3   4
Байланысты:
ужымдастыруъ


ҰЖЫМДАСТЫРУ
ЖЭС-тің нәтижесінде, Индустриаландыру барысында Қазақстанда экономиканың өнеркәсіптік саласына баса назар аударылды, ендігі кезекте ауыл шаруашылығын техникалық базамен қамтамасыздандыру арқылы экономиканың аграрлық саласын дамыту көзделді. Сондықтан да, 1927 ж. желтоқсанда XV съезде ұжымдастыру саясатына бағыт алынды. Ұжымдастыру саясатын Қазақстанда Ф.И.Голощекин (1925-1933) «ауылды кеңестендіру» ұранымен «Кіші Қазан» идеясы бойынша іске асырды. Оның көмекшілері Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Галюдов. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 ж. көктемінде аяқтау жоспарланды.
Ұжымдастыру Қазақстанда бірнеше іс-шараларды атқару арқылы іске асырылды:

  • Кулактарды жою арқылы Қазақстанда таптық теңсіздікті жою;

  • Ауылдарды күштеп отырықшыландыру (күшпен колхоздарға біріктіру);

  • Шаруашылықтың негізгі кооперациялық түрлері, яғни коммуна, артель және ТОЗ (ұжымшарлар құру) құру;

Шаруашылық кооперацияның негізгі 3 түрі бар:

  • Коммуна – өндірісті қоғамдастыру;

  • Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауыл шаруашылық машиналарын, құралдарды біріктіру. Астықты аудандарында колхоздың формасы - ауыл шаруашылық артельдері;

  • ТОЗ – жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Мал шаруашылық аудандарында колхоздың формасы – ТОЗ.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет