ҰЖЫМДАСТЫРУ ЖЭС-тің нәтижесінде, Индустриаландыру барысында Қазақстанда экономиканың өнеркәсіптік саласына баса назар аударылды, ендігі кезекте ауыл шаруашылығын техникалық базамен қамтамасыздандыру арқылы экономиканың аграрлық саласын дамыту көзделді. Сондықтан да, 1927 ж. желтоқсанда XV съезде ұжымдастыру саясатынабағыт алынды. Ұжымдастыру саясатын Қазақстанда Ф.И.Голощекин (1925-1933) «ауылды кеңестендіру»ұранымен «Кіші Қазан» идеясы бойынша іске асырды. Оның көмекшілері Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Галюдов. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 ж. көктемінде аяқтау жоспарланды.
Ұжымдастыру Қазақстанда бірнеше іс-шараларды атқару арқылы іске асырылды:
Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауыл шаруашылық машиналарын, құралдарды біріктіру. Астықты аудандарында колхоздың формасы - ауыл шаруашылық артельдері;
ТОЗ – жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Мал шаруашылық аудандарында колхоздың формасы – ТОЗ.