1927 ж желтоқсанда XV съезде ұжымдастыру саясатына


Қазақстанда ұжымдастыру – бай-кулактакрды тәркілеуден басталды



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,84 Kb.
#85372
1   2   3   4
Байланысты:
ужымдастыруъ
ПРИЛОЖЕНИЕ1, Ашық сабақ Квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу (8-сынып)
Қазақстанда ұжымдастыру – бай-кулактакрды тәркілеуден басталды: 1928 ж. 27 тамызда ХКК мен ОАК «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды (кулактарды) тәркілеу және жер аудару туралы» қабылданған декрет қабылдады. Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Тәркілеу 1928 ж. 20 қыркүйекте басталып 1 қарашада аяқтау көзделді.
Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясына қазақ зиялылары С.Сәдуақасов, С.Қожановқа 1926 ж. «ұлтшыл» айып тағылып, қуғындалды. Сонымен бірге, Ж.Мыңбаев, С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Меңдешев та қуғынға ұшырады. 1928 ж. аяғында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев алғаш рет тұтқындалды. Осылайша Голощекин өз қарсыластарынан құтылып, өзінің «ауылды кеңестендіру» саясатын белсенді жүргізе бастады.
ҰЖЫМДАСТЫРУ барысы:

  • Кулактар мен байларды тәркілеу:

  1. Кулактардың малын тартып алуды іске асыру үшін ауылдарға 4800 уәкілін жіберді.

  2. Декретке сай экспроприацияға 700-дей шаруашылық ілігіп, олардан 144 745 мың ірі қара мал тартып алынды.

  3. 657 бай феодал жер аударылды, 31 мың шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды.

  • Ауылдарды күштеп отырықшыландыру (күшпен колхоздарға біріктіру):

  1. Көшпелі ауылдарды 1933 ж. аяқтау көзделді.

  2. Отырықшыландыру процесі жоспарланған 3 жылдың ішінде 3 күнде аяқтап, «жалған колхоздар» құра бастады. Мысалы: Абыралы ауданында – 70%, Жымпиты ауданында – 60%, Жәнібек ауданында - 95% шаруашылық ұжымдастырылды.

  3. Шаруашылықты ұжымдастыру қарқыны өсті: 1928 ж. - 2%, 1930 ж. – 56,4%, 1931 ж. - 65%;

  4. 1932 ж. ақпанда Шу ауданында 150 км жерден көшіріп,400 киіз үйден «қала» үлгісі жасалынды.

  5. 1938 ж. көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшылыққа көшу процесі аяқталды. 338,7 мың шаруашылық отырықшылыққа көшті.

  • Ұжымдастыруға қарсы қазақ зиялыларының пікірі:

  1. 1932 ж. шілдеде Ф.Голощекинге «Бесеудің хатын» Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин, м.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев хат жолдады.

  2. 1933 ж. наурызда Т.Рысқұлов «Сталинге хатын» жіберді.

  • Ұжымдастыру шараларына қарсы халық көтерілістері:

  1. 1929-1931 жж. аралығында барлығы 372 толқуға 80 мыңдай адам қатысты. Голощекин Сталинге жазған хатында 15 толқу болды деп хабарлады.

  2. Ошақтар: Сырдарияда-Бостандық, Қостанайда-Бетпаққара, Сырдарияда-Созақ, Ақтөбеде-Ырғыз, Алматыда-Сарқандта болды. Ең ірі ошақтары – Созақ пен Бетпаққара болды.

  3. 1930 ж. көктемде Созақтағы көтерілісті – Жақыпов бастады. Көтерілісшілер 5 мыңға жетті. 1930 ж. ақпанда Созақты 40 көтерілісші басып алып, өздерінің ханы ретінде С.Шолақовты сайлады.

  4. 1929 ж. қарашада Батпаққарада көтеріліс басталды. 500-ге жуық отряд құрылды. Басшылары-А.Бекежанов, С.Кадиев, А.Смағұлов.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет