1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі, мәдениеті, білімі мен ғылымы. Қазақ акср-нің одақтас республикаға айналуы. Кеңес Одағының даму процесі қайшылықты болды. Ұлы нәубеттермен қоса жетістіктерге де қол жеткізілді


Мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері де репрессияға ұшырады. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі59,04 Kb.
#118542
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
СРСП-1

Мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері де репрессияға ұшырады. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Ж.Шанин, К.Кемеңгеров ату жазасына кесілді. Қазақстан ғылымы елеулі шығынға ұшырады. Қазақ тіл ғылымының негізін салушы А.Байтұрсынов, көрнекті тілші ғалым, профессор Қ.Жұбанов, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы Санжар Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімінің басшыларының бірі М.Төлепов және Ә.Бөкейханов т.б. жазалау шараларының құрбаны болды. Оларға ауыл шаруашылығының дағдарысына, 1920 – 1930-жылдардағы көтерілістерге кінәлі, Қазақстанның бөлінуі саясатын қолдады, жапон тыңшылығымен байланысты деген т.б. айыптар тағылды. 1930 – 1940 жылдар мен 1950-жылдарда контрреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті. 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. Репрессияға ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың отбасы мүшелері, балалары да қуғын-сүргінге ұшырады. Осылайша, шаруалардың трагедиясына зиялылардың трагедиясына да қосылып, бұл бүкіл қазақ халықының ауыр қасіреті болды. Қазіргі кезде сол кездегі сталиндік террордың, «халық жауларының» 40 мыңы ақталды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, С.Асфендияров т.б. Қазақстанның көптеген қайраткерлері ақталып, олардың есімдері халыққа қайта оралды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, 31 мамыр – ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу – Ұлттық аза күні болып белгіленді.

1930-жылдары КСРО-да тоталитарлық режим қоғамдық өмірдің барлық саласында бекіді. Оның көрінісі Қазақстанда өте тұрпайы, жиіркенішті түрде көрінді. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі 1930 ж. 7 сәуірде «еңбекпен түзеу лагерьлері туралы» ережені бекітті. Лагерь белгілі бір шаруашылық міндетті шешу үшін құрылды. Қазақстан аумағы үлкен лагерьге айналды, республикада мынадай лагерьлер құрылды: Дальний, Степной, Песчаный, Луговой, Камышлаг, Ақтөбе, Жазқазғанлаг, Петропавловский, арнайы лагерь – Кингир, Өскемен. Ең ірісі – 1930 ж. құрылған ерекше режимді еңбекпен түзеу Қарағанды лагері – Карлаг болды (Қарағанды, Долинское кенті маңында). 1937 – 1938 жж. Мұнда 43 мың тұтқын болған. 1931 – 1960 жж. Карлагта 1 млн.-ға жуық адам отырған. Лагерьлердің бірі Отанына опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь – «ЧСИР» деп аталды, ол «АЛЖИР» (Акмолинский лагерь жен изменников Родины, Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері; Карлаг-тың 26-бөлімшесі) деген атаумен кеңінен мәлім. 1929 ж. ГУЛАГ – Еңбек лагерлері мен еңбек қоныстарының бас басқармасы құрылды. 1940 ж. ГУЛАГ жүйесінде 53 лагерь, 1954 ж. 64 лагерь болды.

Тарих шынайы имандылық қоғамының жеңісі, жалпы адамзаттық қазыналардың басымдығы ғана адамзатты мұндай қылмыстардың қайталануынан құтқара алады деп үйретеді. Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табынушылық идеологиясы елді осылайша қайғы-қасіретке ұшыратты. Осылайша, Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы демографиялық жағдай өте жағымсыз болды. 1928 – 1938 жылдары ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін салдарларынан өлке тұрғындарының саны азайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет