Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі



Дата02.05.2020
өлшемі26,71 Kb.
#65469
түріЛекция
Байланысты:
Мәдениеттілік нұрбол


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

Тарих факультеті.

Тарих және дінтану кафедрасы

СӨЖ№7

Тақырыбы: Педагогтың лекциялық сөз мәдениеті

Орындаған:Боранбаев.Н

Тексерген:Аликулова.Н

Ақтөбе.2020ж

Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Алдымен «мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді. Мәдениет туралы түсінікке әр ғалым әр түрлі анықтама береді. «Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы», – дейді тілші-ғалым М.Балақаев. Мәдениеттің өзі екіге бөлінеді: материалдық және рухани.

Соның ішінде рухани мәдениетке жатады:


  • ойлай білу мәдениеті – өмірге талдау жасап қиындықтардан арылу жолын таба білу, ақылға салу, жасампаздыққа жеткізу;

  • педагогикалық мәдениет – ұзақ жылдар бойына жинақталған ең озық іс-әрекет, білім, үйрену нәтижесі;

  • тіл мәдениеті – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану;

  • сөйлеу мәдениеті – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сөйлеу мәдениеті - үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі.

  • Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы.

Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал»,– деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген.

Сөйлеу – ұстаздың тіл амалдарын пайдалануарқылы пікірін, ойын білдіруі. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлділігі, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы маңызды. Сондықтан мұғалімнің сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлділігімен, тыңдаушыларды баурап алып кететіндігімен үлгі болуы тиіс. Ұстаз сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ұстаздықдыбыс сазына, үніне кең, толық, таза, айқын сүйкімді дауыс беру үшін жағымды саз беруге дағдылану, жаттығу керек. Бұл туралы А.С. Макаренко «Дауысты үйлестірудің қандай ұлы іс екенін ұғындым. «Жүре беруіңе болады» деген қарапайым үш ауыз сөзді 50 түрлі әдіспен айтуға болады.«Бері кел» деуді 20 түрлі әдіспен айтуды, бет-бейнемді, даусымды 20 түрлі құбылтуды үйрендім», – деген екен.

Мұғалімнің мінезі жайдарлы, кең пейілді, сабырлы, ашу шақырмайтын, сөзі өте сыпайы болуы керек. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Бірінші қыры – мұғалімнің өз пәнін меңгеруі; екінші қыры – оны үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі; үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі, сөйлеу шеберлігі; төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі; бесінші қыры – жасампаздығы; алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы; жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы; сегізінші қыры – үлгі-өнегесі немесе педагогикалық әдепэтикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті, сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандыққа тән қасиет. Сөз өнері – халықтың ішінен орақ тілді, от ауызды небір шешендерді шығарған. Олардың айтқан сөздері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ғасырлар бойы жасап келеді. Сухомлинский «Тәрбие өнері дегеніміз – ең алдымен, сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба білу өнері. Мұғалім сөзі – шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал» деген болатын. Бұл сөзде шын мәнісінде үлкен шындық жатыр. Себебі, сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, қоштасуымен аяқталады. Негізгі тұлға – сыныптағы мұғалім. Сондықтан да сыныпта шәкірттің сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де айрықша мән беруі керек. А.С.Макаренко да мұғалімнің осы қасиетіне ерекше мән берген. «Оқушылар – деп, жазды ол, - сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек».

Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Сабақ бергенде мұғалімнің даусы оқушылардың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығуы керек. Мұғалімнің қолында әр уақытта оқытатын сабағының жоспары болуы тиіс. «Кіріспеде, негізгі бөлімде, қорытындыда нелер айтылуы керек? Қандай мысалдарды айрықша түсіндіру керек» деген тапсырмалар алдын ала белгілі болуы шарт. Яғни, мұғалім ойын айтып түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиіс. Жоспар жүйелі құрылған болса, ой түсінікті болады. Сөз белгілі бір мазмұнды білдіреді және мұғалімнің осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Сабақ түсіндіргенде, дәріс, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да әсерсіз болады. Ұстаз ауызша сөйлеуде эмоциямен, мимикамен, ишарамен де білдіре алады. Мұғалімнің сөзі оның мінезіне байланысты да болуы мүмкін. Бірақта сөзде орфоэпиялық нормалардың бұзылмауы, диалектілік сөздердің араласпағаны жөн.



Қорыта айтқанда мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарды былай топтауға болады:

  • сөздің жүйелі, түсінікті болуы;

  • сөздің оқушының жасерекшелігіне сай құрылуы;

  • сөйлегенде дыбыстардың дұрыс айтылуы;

  • дауыс күшінің сақталуы;

  • сауатты, қатесіз жазу;

  • сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтармен дыбыстау;

  • сөйлегенде сөз тұлғаларын сақтау, қосымша сөздерді өз орнымен қолдану;

  • сөйлеу әдебінің сақталуы; - сөйлегенде ойдың көлемі мен мазмұндық құрылымын сақтау.

Осы көрсетілген талаптар ұстаз бойынан табылатын болса, мұғалімнің сөйлеу мәдениетін жоғары деп санауға болады. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу – барлық пән мұғалімдері мен қатар, тәрбиешілердің де міндеттерінің бірі. Шәкірттерді өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің басты бір элементі. Өйткені К.Д.Ушинский айтқандай: «Адамның кір жуып, кіндік кесен жерінің тау мен тасы, орманы мен өзені, дауылы мен найзағайы, одан сонымен қатар халықтың рухани өмірінің тарихы да көрінеді».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет