1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 9 сынып. Тарих пәнінің мұғалімі: Б. Т. Акмурзинова



Дата24.04.2017
өлшемі38,51 Kb.
#14873
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

9 сынып.

Тарих пәнінің мұғалімі:

Б.Т.Акмурзинова.

2016 оқу жылы.

Мақсаты: Дүниені дүр сілкіндірген Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі мен оның себеп-сипатымен таныса отырып , қалыптасып қалған әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін ұмытпау.

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге және өзіндік қорытындылар жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға жерін қорғауға тәрбиелеу. Тәуелсіздікті қадірлей білуге шақыру.
Кіріспе сөз. 
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы : «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» деп аталады. Оқушылар,осы сендер 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіңдер? Ол қандай көтеріліс?Не себепті болды? Желтоқсан құрбандары туралы не білесіңдер? Сендер бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?

Оқушыларды ойын арқылы 4 топқа бөлу.Тарихи даталарды тарихи оқиғаларға байланысты топтастыру.Оқушыларға тарихи даталарды таратып беру. Олар тарихи оқиғаларға байланысты топтасады.

І топ «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс» 1) 25 маусымдағы патша жарлығы. 2)Амангелді Иманов . 3)23 тамыз генерал –губернатор А.Курапаткин. 4)Б.Әшекеев.

ІІ топ «К.Қасымұлы басқарған көтеріліс» 1)1837-1847жж . 2)1847ж Майтөбе.3)1841ж билер сотының жойылуы. 4)1841ж хандық соттың енгізілуі

ІІІ топ – «1836-1838жж И.Тайманұлы менМ.Өтемісұлы басқарған көтеріліс» 1) Бөкей Ордасы 2)Жәңгір хан .3) Жасқұс деген жер хан сарайы. 4)Қызғыш құс.

ІV топ - «Целиноград оқиғалары» 1)1979ж . 2)Неміс автономиясы. 3)Ерейментау қаласы 4) «Неміс автономиясына жол жоқ!».

Көрнекіліктер:оқулық, интерактивті тақта,слайдтар,қосымша мәліметтер.

Өту әдісі: топпен жұмыс,СТО, қосымша материалды қорғау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу,

назарларын сабаққа аудару.

2) Жаңа сабақ.

Жоспар:

1.Бетбұрыс алдында қалыптасқан жағдайлар.

2.Жастар қозғалысының себептері мен басталуы.

3.Желтоқсан оқиғаларының сипаты.

4.Жаппай жазалау.

5.Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы.

3) Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар:

Ітоп1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына дейінгі кездегі Қазақстанның жалпы жағдайын анықтаңдар.

ІІ топ – Желтоқсан қозғалысының себептері мен сипатын анықтау.

ІІІ топ – Желтоқсан оқиғасын әкімшіл- әміршіл басқару жүйесі қалай қабылдады?

ІV топ - Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы қандай болды?

Әр топ өз тапсырмаларын өзара талдап,қорғау.

4) Жаңа сабаққа байланысты қосымша материалдарды талдау.

1) Қайрат Рысқұлбеков туралы.

2)Ербол Сыпатаев туралы.

3) Ләззат Асанова туралы.

4)Сәбира Мұхамеджанова туралы.

Әр оқушыға қосымша материалды талдауға 2 -3 минут беріледі.

5) Видеоролик көру.

6)Сабақты бекіту:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «алты қалпақ» әдісі.

І топ – Ақ қалпақ (Жалпы Желтоқсан оқиғасы туралы қандай мәлімет алдыңдар?).

ІІ топ – Қара қалпақ (Желтоқсан оқиғасының жағымсыз жақтарын айту.)

ІІІ топ – Сары қалпақ(Желтоқсан оқиғасының тек қана жақсы жақтарын айту.)

ІVтоп – Қызыл қалпақ (Желтоқсан оқиғасы туралы естігенде, көргенде қандай сезімде боласыңдар?)

V өзім немесе бір оқушыға –Көк қалпақ(Жалпы қорытынды жасау.)

7)Қорытынды. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сонау «ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған, ел басына қауіп төндірген ауыр кезеңнен бастап, патша отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт –азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі, осылардың бәрі ғасырларға созылған отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. Еліміздің тәуелсіздігі ата –бабаларымыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінгі біздің ашық сабағымыз, Тәуелсіздігіміздің - 25 жылдығына арналды.Назарларыңызға көп рахмет!!!
8) Бағалау.

9)Үйге тапсырма:парагрф -44 мазмұндау.Эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет