2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен Қазақстандағы ең маңызды оқиғалардың бірі – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі.
2018 жыл. Түркістан облысы пайда болды.
2019 жыл. Тәуелсіздіктің бұл жылында Қазақстан халқы екінші Президентін сайлады. Бұл – тұтас ел үшін тәуелсіздік толқынындағы тағы бір елеулі сәт. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгінін қолына алды.
2020 жыл. Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде іс-шаралар аталып өтілді.
2021 жыл. Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Әлихан НұрмұхамедұлыБөкейхан1866 жылғы наурыз айының 25-і күні бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады. 2022 жыл. Қазақтың соңғы ханыКенесарының туғанына 220 жыл. Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген әскери қолбасшы, қазақтың 1837-1847 жылдарындағы ұлт азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы.