Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы қандай болу керек?Ұсынысыңызды мысалдармен келтіріңіз? Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-қатынастары. Тәуелсіз Қазақстаннын халықаралық байланыстары және оның белсенді сыртқы саясаты Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылғы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшыларының Ашгабад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш-жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдаудың және Орталық Азия мен славян республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бұрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік — Тәуелсіз Мемлекетгер Достастығының негізін қалаушы құжат болган Алматы декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы он жыдца әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетгі байланыстар дамыта білген ашық қоғамга айналды. Көптеген елдермен өзара тиімді және ұтымды қарыматынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің кептеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халық-аралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекшіІ державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепіддігін ала отырыщ ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мортебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада, еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын кұру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨЫСШК) шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастык, тарапынан кеңінен қолдау; тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады.
Халықаралық қатынастарда Қазақстан тандап алған копвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мөнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының аддыі ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарынр қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты 1 бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса, қазірде аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгн күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздіісгі нығайтуға, әлемдегі экономикалық қатынастарды жетіддіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып қалып отыр.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінін саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталандырды.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Резиденциялары Қазақстаннан тыс жерде шоғырланғанымен, елімізде тіркелген елшілер саны — 37. Ал Қазақстан Республикасының шетелдерде 47 елшілігі мен дипломатиялық миссиялары және консулдық окілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықа-ралык ұйымдардың саны — 68.
25