Қазақстан халықтар достастығының мекені дегенді қалай түсінесің?
23 Қазақстанның Еуропа елдерімен қарым-қатынасы қандай болу керек деп ойлайсыз? Өз ұстанымдарыңызды мысалдармен негіздеңіз? Еуропа Одағы елдері, атап айтқанда, Австрия, Бельгия, Германия, Грекия, Дания, Италия, Испания, Ирландия, Люксембург, Нидерланды, Ұлыбритания, Португали, Франция, Финляндия, Швеция әлемдік саясатта және экономикада ерекше маңызды іс атқарып отыр.
1995 жылғы 15 ақпанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өз сөзінде Елбасы Қазақстанның келешек ұзақ мерзімді кезеңде ерекше мүддесі Еуропа Одағымен байланысты екендігін, бұл одақ басқа аймақтардың мемлекеттерімен қатынаста, ең алдымен, сауда-экономикалық салада, бүкіл Еуропа атынан саясат жүргізетіндігін атап өтті. Еуропа Одағының Қазақстанмен саяси қатынасты дамытуға дайын тұрғанын көрсете келіп, бұл мүмкіндікті толығынан пайдалану қажеттігін көрсетті. 1995 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан – Еуропалық Одақ арасында «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» келісімге қол қою басталып, он бес мемлекет өз парламенттерінде бекіткен соң, 1999 жылы шілде айында күшіне енді. Ынтымақтастық кеңесі және парламентаралық ынтымақтастық комитеті құрылды. Ынтымақтастық кеңесінің мәжілісінде атом энергиясы және ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша келісімдерге қол қойылды.
2000 жылы 11 шілдеде Брюсселде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің екінші мәжілісі болды. Тараптар әріптестік және ынтымақтастық келісімнің орындалу барысын талқылап, әсіресе, сауда мен инвестиция, демократияны дамыту, есірткі саудасына бақылауды күшейту, т.б. мәселелерге ерекше назар аударды.
Тараптар сыртқы сауда көлемінің көбеюіне негіз – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке өтуі болып табылады деген шешімге келді. 1947 жылғы Сауда және тариф жөніндегі бас келісім 1995 жылдың қаңтарында «Дүниежүзілік сауда ұйымы» болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 140 мемлекет мүше. Әлемдік базарға шығарылатын тауарлар мен өнімдердің 90 пайыздан астамы осы елдердің үлесіне тиеді. Отыз мемлекет (олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Қытай бар) ДСҰ-ға мүше болу сатысында тұр. Қазақстан 1996 жылдан бастап мүшелікке қабылданудың төменгі сатыларынан өтіп, бас сатысына жетті. Осы жылдар аралығында елімізде кеден, стандарттау, сертификаттау, патенттік құқық мәселелерін реттейтін заңдық құжаттарға өзгертулер енгізілді.
Қазақстанға техникалық көмек көрсететін Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы 1995 жылға дейін 95 миллион доллар көлемінде қаржы бөлді. 2001 жылғы 9 сәуірде ТАСИС бағдарламасы, ең алдымен, күйзелген әйелдерге, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сауатсыздарға, үйсіздерге, жетім балаларға, кәрі кісілерге нақты көмек көрсету қажеттілігін жариялады. Қазақстанға Еурокомиссияның техникалық бөлім бастығы Браиан Толлдың мәліметі бойынша ТАСИС бағдарламасы Қазақстанға жалпы есебі 111,6 миллион евро көлемінде көмек көрсеткен.
Қазақстан мен НАТО арасындағы қарым-қатынас та дұрыс шешімін тапты. «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы – осы беделді ұйыммен ынтымақтасудың неғұрлым пайдалы түрі. Оған қазірде 46 мемлекет қатысып отыр, оның ішінде Қазақстан да бар.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 1992 жылғы қаңтар айынын бастап қатысады. 1994 жылғы 5 желтоқсанда Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастық ұйымының Будапештегі мәслихаты кезінде ядролық державалар – Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы меморандумға қол қойылды.
24