1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?


Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ТЖМК) әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасын мысалдар арқылы көрсетіңіз?



бет2/25
Дата08.09.2024
өлшемі112,03 Kb.
#203929
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
экзамены

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ТЖМК) әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасын мысалдар арқылы көрсетіңіз?
ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды. ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет