ҚР сыртқы саясат тұжырымдамасында Қазақстанның сыртқы саясатының қандай түйінді мақсаттары белгіленді?
Тоқсаныншы жылдар – қазақ халқының халықаралық істердегі бұрынғы қатынастардың түп – тамырымен қопарыла құлау кезеңі деп айтуға болатындай еді. Жалпы территорияның ішіндегі соғыс, кең ауқымды терроризмнің етек алуына, жаңа «сепаратистік» тажалдардың шектен шығуындағы асқынған тұсы еді. Кеңес Одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болуда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары – ақ өзінің сыртқы саясатын тездетіп қалыптастыру қажет болды, әйтпесе, орасан нұқсан келуі мүмкін еді.
Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1992 жылы мамыр айында шыққан «Қазақстаннның егемендік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті Біздің еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа факторларды ескере отырып, өзінің көп бағытты демографиясын одан әрі жүзеге асыруда. Мұның негізгі мәні - әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипатындағы қарым – қатынасын дамытуда.
Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өзекті міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Біздің мемлекетіміздің тың сипатын танытуымыз және Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуі қажет болды. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі аса зор бағалануда.
1988 жылдан бастап жалпы мемлекеттік көзқарас түбірімен өзгеріп кетті. Ең алдымен Одақтас республикалардың ролі мен құқығын көтеру, оларға орталық өкілдіктерінің біраз бөлігін беру жөнінде мәселе көтерілді. Республика сыртқы істер министрлігі нығайтылып, Қазақстан сыртқы экономикалық қызметке белсендірек қатыстырылды /2,4-б./.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жариялағаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз халықаралық қатынастардың дербес тұлғасы ретінде саяси – дипломатиялық тұрғыдан танылуына тікелей көмек көрсетуде. Қазақстан сыртқы саясатының доктриналық негіздері әзірленіп, ұлттық мемлекеттік мүдделерді сыртқы саяси ведомство икемділікпен мақсатты түрде жүзеге асыруда. Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қарекет қимылы жедел ұлғаю үстінде. Қазіргі таңда Елбасымыздың таңдап, тауып тағайындаған адамдары ойдағыдай басқару үстінде.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым – қатынасының шарттық – құқықтық базасы жасалып және даму үстінде. Ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз етілуде.
Біздің дәуірімізде бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ауыса бастауына байланысты шет мемлекеттермен тату көршіліктің қалыптасуына бар күш жігерін жұмсау үстінде болды. Осыған орай сыртқы саяси қызметке басымдық берілуде. Сол кездегі әлеуметтік – саяси жағдайға байланысты, сыртқы саяси қызметке басымдық беріліп, дамыту үстінде болды. Егемендік алған жылдары Сыртқы істер министрлігін құру оңай іс болмағаны бәрімізге белгілі. Біздің сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз жұтаң еді, өйткені, ол Кеңес Одағы кезінде дипломатиядан алыс қызметпен шұғылдануда төменгі деңгейде болды. Еліміздегі сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадрларға байланысты шешілуде. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында және шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар еліміздің сыртқы саяси ведомствосына қызметке шақырылғанын айтуымызға болады. Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы өзара қарым – қатынасына айқын басымдылық берілуде.
Ресей Федерациясымен 25 мамыр 1992 жылы «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы» шартқа, 28 наурыз 1994 жылы «Интеграция және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы» шартқа, 20 қазан 1995 жылы «Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы» бірлескен декларацияға қол қойылып, оларда мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт түрде шешу, теңдік және бір – бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, адам құқын жүзеге асыру принциптерін басшылыққа алатындықтарын жариялады.
Республикаға он екі жоғары маманданған демократтар келген, солардың бірі – Қасымжомарт Тоқаев – 1994 жылы қазан айынан бастап еліміздің Сыртқы Істер министрі болды.
9
Достарыңызбен бөлісу: |