1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?


Президентті бүкілхалықтық сайлау және оның тарихи маңызына баға беріңіз?



бет7/25
Дата08.09.2024
өлшемі112,03 Kb.
#203929
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
экзамены

Президентті бүкілхалықтық сайлау және оның тарихи маңызына баға беріңіз?
Егемендіктің елең-алаңындағы 1991 жылдың әрбір күні ұлт тарихындағы аса маңызды парақтармен қатталғаны белгілі. Әсіресе 1991 жылдың желтоқсан айы қазақ үшін тарихи сәттерді бастан кешті. Соның ішінде үлкен өзгеріске бастаған қадам ретінде 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күнін айтуға әбден болады. Бұл күн - қазақ халқының алғаш рет еркін білдіріп, өз билігін өзі таңдап, дербестігін демократиялық сайлау арқылы мақұлдаған күн. Расында да дәл осы күні Қазақстан тарихында алғаш рет нағыз демократияға сәйкесетін бүкілхалықтық сайлау өтті, халық өзінің болашағын, мемлекеттің болашағын Президентке сеніп тапсыра алатынын алғаш рет сезінді. Осылайша, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның мемлекеттік тарихында жаңа қоғамдық-саяси кезеңге қадам жасалды. Сайлау нәтижесі де Қазақстанның Тәуелсіздікті жариялауын күн тәртібінің кезекті маңызды мәселесі ретінде шығарды. Яғни, Тәуелсіздік тарихындағы ең шешуші қадамның бірі - Тұңғыш Президент сайлауы еді. Қазақстандағы тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті. Бұл - Кеңес Одағының ақтық демі таусылар кездің қарсаңы болатын, оның экономикасы да біржола күйреп жатты. Қараша айында сайлаушылармен кездескенде проблемалардан қашқақтауға тырысқан жоқпын, популистік уәделер де бермедім, керісінше адамдармен ашық әңгімелестім. Сайлаушыларыма елді ауыр сынақтар күтіп тұрғанын, одан қалайда өту керектігін, себебі тәуелсіздік пен игілікке жетудің ептеп айналып өтетін басқа жолы жоқтығын түсіндірдім.
Сайлау учаскелеріне 8 681 276 адам келді. 98,8 процент дауыс алған сәтте мен елдің президентін ғана емес, болашаққа баратын жолын таңдап, менің маңайыма ұйысқан еліммен бірге айтып тіл жетпейтін тұтастықты сезіндім.
10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің ант беру салтанаты өтті. Біз дербес өмір сүретін жағдайдамыз - менің ұлықтау салтанатындағы негізгі сөзім осы болды.
Арада жиырма жыл өткен соң бүкілхалықтық сайлау өткізілген мерейлі күн мемлекеттік мерекеге - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне айналды. Саяси күнтізбеде ол заңды және символдық тұрғыда Тәуелсіздік күніне ұласады. Тарихи 1991 жылғы президент сайлауы Қазақстанның тәуелсіздікке қарай жасаған шешуші қадамы болды.
8

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет