1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?


Қазақстан унитарлы мемлекет дегенді қалай түсінесің?



бет15/25
Дата08.09.2024
өлшемі112,03 Kb.
#203929
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
экзамены

Қазақстан унитарлы мемлекет дегенді қалай түсінесің?
Мемлекет аумағында бір әнұран, бір Ата заң, бір байрақ, тек бір басқару құрылымы бар елді унитарлы деп атайды.
Қазақстан Республикасы осы қатарға жатады. Себебі, елде автономды мемлекеттер жоқ. Одан бөлек ел аумағында, қала, аудан, ауылдарда тек бір заңға бағынады. Бірыңғай мемлекеттік тіл бар. Біздегі мемлекеттік – қазақ тілі.
16 Қазақстан зайырлы мемлекет дегенді қалай түсінесің?
Иә, Қазақстан - зайырлы мемлекет! Себебі, мемлекет пен дін өзінше бөлек, автономды өмір сүреді, мектеп діннен ажыратылған. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Адам, азамат қандай көзқарас, наным не сенім ұстанамын десе де өз еркі. Конституцияда көрсетілген ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты қудалауға тиым салады. Яғни, дін заңмен қорғалады. Алайда дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен шұғылданбауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда құрылымдары мен институттары Конституциямен баянды етілген мемлекет жұмысына дін ешбір кедергі келтірмеуі тиіс.
«Зайырлы» сөзі қазақтың сөздік қорына тәуелсіздік алғаннан кейін, алғашқы Ата Заңның бекітілуімен бірге енді. Ал қазақтың сөз саптау мәнерінде бағзыдан келе жатқан «зайыры» деген қыстырма сөз бар. Ол «дұрысы», «анығы», «ашығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің төркіні арабтың «ашық; айқын; сыртқы», т.б. мағыналарды білдіретін «захир» сөзінен туындайды.
«Зайырлылық» ұғымының ең танымал анықтамасы – француз философы және лингвисті Эмиль Литтренің: «Барлық культтерге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тәуелсіз және кез келген теологиялық тұжырымдамадан азат болып табылатын мемлекеттің белгісі» деген тұжырымы. ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Әлемдік қауымдастықта зайырлылықтың үш түрлі үлгісі қалыптасқан. Біріншісі – зайырлылықтың атеистік үлгісі. Оның көрнекі мысалы халқымыз бастан өткерген кеңестік режимді орнықтырған КСРО болып табылады. ҚХР да бүгінге дейін осы үлгіні пайдалануда.
Зайырлылықтың екінші үлгісі – сепаратистік үлгі. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін және заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.
Зайырлылықтың үшінші үлгісі – таңдамалы негіздегі үлгі. Бұл үлгі қоғам үшін ерекше құнды болып табылатын, конституциялық деңгейде анықталатын діни басымдықтарды басты тірек етеді.
17

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет