Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің тарихи маңызы қандай? Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан халықаралық форумы – 1992 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық саясаты жөнін-де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуың ұсынып, Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасаған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан өкіметінің қарусыздандыру облысындағы белсенді рөлі мен бұл саладағы барлық халықаралық келісімдерге жолын ұстаушылықты өте жоғары бағалыды.
Біздің еліміз Орталық Азиядағы бейбіт сақтау мен қауіпсіздік саласына өте үлкен маңыз беріп, бұл аймақта ядролық қарудан бос зонаны құруға атсалысады. Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бастаманы асыруға Қазақстанға барынша көмек көрсетуде.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нығайтуға үлкен көніл бөлгендіктен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату қызметіне белсенді қатысады. 1995 жыл ы ТМД елдерінің бастамасы бойынша Орталық Азиядағы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік орнату батальонына Қазақстан жағынан да бір топ сарбаздар жіберілді. 1996 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қолдау операцияларына қажетті Резервттік Келісімдер Жүйесіне 51-ші мемлекет етіп қосылған. Қазіргі таңда бұл жүйеге қатысушы елдердің саны 70-ке жуық. Біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы — Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы, адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 53 сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит төңірегінде резолюцияны қабылдауға бастама жасаған. Бұл резолюцияның қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемелері мен басқа халықаралық ұйымдардың тарапынан біздің аймақтағы транспорттық жүйелері мен Европа мен Азия арасындағы транспорттық байланыстың дамыту бағдарламаларың ойластырылып, оларды асыруға халықаралық құқықтық негізін бекітеді 1997 жылдың 16 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Семей полигоны жөңінде қабылданған резолюцияға сәйкес Қазақстан өкіметі мекемеаралық комиссияны құрған.
Осындағы ең маңызды мақсат – Семей полигонындағы өткізілген ядролық сынақтардың нәтижелерін жою. Осыған орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары ұлттық және халықаралық күштердің қолданылудың бес приоритетті секторларын анықтаған:
денсаулық сақтау экология мен қоршаған орта экономиканы қалпына келтіру гуманитарлық көмек ақпараттың таратылуы. Қазіргі уақытта БҰҰ Дамыту Бағдарламасының кеңесшілері мен сарапшылары Қазақстан өкіметіне еліміздегі жүргізіліп жатқан бірнеше ірі ұлттық бағдарламалды іске асыруға көмек көрсетуде, оларға: Ұлттық Жекешелендіру Бағдарламасы, Қоршаған Ортаны Қорғау мен Қалыпты Даму Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әйелдер Жағдайларын Жақсарту Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әлеуметтік Даму Әрекетте-рінің Жоспары, Салауатты Өмірді Қалыптастыру Бағдарламасы, ж.т.б
13