1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?


Қазақстан сыртқы саясатында қандай елдермен экономикалық байланыстар орнатты?



бет10/25
Дата08.09.2024
өлшемі112,03 Kb.
#203929
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
экзамены

Қазақстан сыртқы саясатында қандай елдермен экономикалық байланыстар орнатты?
Қазақстанның сыртқы саудасын «құрлықтық» сауда деп те атауға болады, өйткені оның басым бөлігі (9/10-нан жоғары мөлшері) Еуразия елдерімен жүргізілетін сауданы құрайды.Оның географиялық жобасын ТМД елдерімен (барлық сауданың 31%-ы), әсіресе ЕурАзЭҚ елдерімен (25%-ы), Еуропалық Одақпен (32%-ы) жөне Қытаймен (8%-ы) арадағы тауар айналымдары береді. Олардың үлесіне еліміздегі тауар айналымының 3/4 бөлігі келеді.
Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар — Швейцария, Италия, Ресей, Қытай (барлық экспорттың 60%-ы). Тағы осындай мөлшердегі импорт тауарлары Ресей, Германия, Қытай және Украинадан келеді.
Елдер тек тауармен ғана емес, қызмет көрсету түрлерімен де алмасады. Қызмет көрсету — бұйым шығарумен тікелей байланысы жоқ, ақылы жұмыс түрлері. Сондықтан қызмет көрсету саудасын «көрінбейтін экспорт» деп те атайды.)

Қазақстанның тауар саудасынан гөрі, қызмет көрсету саласы жылдам өсіп келеді. 1993 ж. ол 6 есеге өсті. (2004 ж 7 млрд долл.) Республика басқа елдерге қызмет көрсетуден гөрі өзі оны 3 млрд долларға көп қабылдайды.


Қазақстанның экспорттьщ негізгі серіктестері — ТМД елдері, ал импорттық географиясы әр алуан. Іскерлік қызмет көрсетуде АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның, ал туристік қызметте — Ресей және ТМД елдері, кұрлыстық қызмет көрсетуде Түркия, ал фрахталық қызмет керсетуде Әзірбайжанның рөлі үлкен.
Іскерлік серіктестік көп жағдайда бірлескен кәсіпорын (БК) құруға алып келеді. Оған отандық және шет елдік компаниялар қаржы салады. 120 ел серіктес болып табылатын БК саны 7000-ға жетті. Олардың ішіндегі негізгілері — Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия және Ұлыбритания. Біріккен кәсіпорындар Қазақстанның экспорттық өнімдерінің 70% белігін шығарады.
Елдер арасындағы халықаралық ғылыми-техникалық байла-ныстардың зор маңызы бар.
Білім саудасы, әсіресе, ғылыми-техникалық жобалар (машиналар мен аспаптар сызбалары мен технологиялык сипаттамалар) саудасы кең таралған.
Арнаулы ұйымдар ғылыми-техникалық жобаларды (жаңалықтарды) тіркеп, өнертапқышқа оны пайдалану құқына патент береді. Оның иесі патентін сатуына болады. Бірақ көп жағдайда ол патенттің өзін емес, лицензиясын сатады, яғни патентті ел ішінде немесе шет елде пайдалануға рұқсат береді. Сатушыға бұл тиімдірек, себебі патентті бірақ адамға сату мүмкіндігі болса, лицензияны бір уакытта ондаған, тіпті жүздеген адамға сатуға болады.
Біздің елімізде көптеген өнертапқыштардың басты ғылыми ор-талықтарында дүние жүзіне әйгілі ғылыми өнер табыстары ашылды. Олардың қатарында түсті металдар ғылыми-зерттеу институты (Өскемен), Ұлттық ядролық орталық (Курчатов, ШҢО), мұнай және газ институты (Атырау), химиялық технология және ғарыштық зерттеулер институттары (екеуі де Алматыда) және т. б. бар. Дегенмен, әлемдік деңгеймен салыстырғанда елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктері аса жоғары емес. Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарымен бар болғаны 14 мыңдай ғана адам айналысады (дүние жүзі ғалымдарының 0,25%-ы). Оларға бөлінетін қаржы мөлшері де көп емес (жалпы ішкі өнімнің 0,3%).
Қазақстанға қазіргі жаңа технологиялар мен жобалар шет елдік компаниялармен бірге келеді. Ғылыми-техникалық байланыстың тағы бір мысалы — әлемдегі ірі ғарыш айлақтарының бірі — Байқоңырда Қазакстанның «Бәйтерек» ракеталык-ғарыштық кешенін құру жөнінде Ресеймен ынтымактастық.
Халықаралық туризм — адамдардың шет елдерге табыс табудан басқа кез келген мақсатпен жарты жылға дейінгі мерзімде саяхат жасауы.
Қазақстан кеңестік кезеңде де қонақтарды көп қабылдайтын. Олар негізінде КСРО республикаларының халықтары болатын. Шет елдік туристердің саны 20 мыңнан аспайтын (1989) және олардың барлығы дерлік Алматыға келетін. Ал оларға Қазақстанның басқа аудандарына саяхат жасауға рұқсат етілмейтін. Шекара бойындағы облыстар, қорғаныс зауыттары орналасқан жерлер, ғарыш айлағы мен соғыс полигондары орналасқан аумақтар олар үшін «жабық жерлер» болды. Қазіргі уақытта ондай көптеген шектеулер алынып тасталған.
Дүние жүзінің біздің елге қызығушылығы өсіп отырғандықтан, елімізге келетін шет елдік қонақтар саны да ұлғайып келеді (2004 ж. — 4,3 млн).
Халықаралық туризм елімізге жылына 700 млн доллардай кіріс әкеледі. Бірақ одан да көп қаржыны (800 млн долл. шамасында) қазақстандыктар шет елдерге сапарға шығуда жұмсайды.
Халықаралық қаржы қатынастары әр алуан түрде жүзеге асырылады. Ең бірінші, бұл — шет ел валютасын сатып алу және сату .
Онымен банктер айналысады. Олар шет елдік банктермен белгілі бір мерзімде валюта жеткізуге (доллар, еуро, т. б.) мәмілеге келеді. Оларды ақша айырбастау пунктеріне сату арқылы пайда табады.
Екіншіден бұл — несие беру немесе несие алу. Олардың көмегімен елдер арасындағы барлық негізгі экономикалық байланыстар жүзеге асырылады. Несиені төменгі пайызбен алып, оны кіріс табу үшін пайдаланудың және уақытында қайтарудың маңызы бар. Ондай болмағанда, елдің сыртқы қарызы пайда болады.
Үшіншіден, бұл — ұзақ мерзімге капитал салу (инвестиция) немесе шет елдердің инвестиция салуы. Капитал дегеніміз — ақша қаражаты, шикізат қоры және құрал-жабдық та болып табылады. Ең маңыздысы, ол кіріс кіргізуі шарт.
Қазақстанға экспортқа капитал шығаратын негізгі елдер -АҚПІ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай жөне Түркия. Мысалы, АҚШ-тың инвестициясымен — Теңіз кенорны, Ұлыбритания инвестициясымен — Қарашығанақ. Қытаймен — Жаңажол, Құмкөл кәсіпорындары игерілуде. Оңтүстік Кореяның ақша салымы негізінде мыс өнеркәсібіне жұмсалуда.
Қазақстан езіне инвестиция тартып қана коймай, өзі де оны басқа елдер экономикасына салуда. Олар ТМД елдері, әсіресе -Ресей. Бірақ оған ірі инвестициялар мен алыс шетел мемлекеттерін мысалға келтіруге болады.
Шет елдермен гуманитарлық байланыстар. Іскерлік серіктестікпен қатар, мемлекет аралық гуманитарлық ынтымақ-тастықтың үлкен маңызы бар. Ол адамзат қарым-қатынасының саласын: денсаулық сақтауды, білім беруді, мәдениетті, қоршаған ортаны бірлесіп қорғау шараларын камтиды.
11

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет