1991 жылғы тамыз төнкерісіне баға беріңіз?


КСРО-ның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді атаңыз?



бет3/25
Дата08.09.2024
өлшемі112,03 Kb.
#203929
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
экзамены

КСРО-ның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді атаңыз?


КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялык бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ- тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж./ арасындағы әскери-стратегиялық тепе- тендікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты. Ыдырау қалай болды?
1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында /Беловеж кездесуі/ кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрыңғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жана достық Одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрыңғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді - деп көрсетті.Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осымен байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығына тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы айырықша атап көрсетілді.1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылған-дығы жөніндегі шартқа қол койды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен ұлттар ұйымы алдында бұл Тәуелсіз Мемелекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрыңғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.
4

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет