1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес



бет62/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

31. Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес.

1920-1940 жылдардағы Түркістандағы кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы.

ХХ ғасыр басындағы  Қазақстанда ағарту ісі мен халықтың сауаттылық деңгейі мәдениет саласының мейлінше артта қалған және берекесі қашқан учаскесі болып  табылды. Ел тұрғындарының басым көпшілігі не оқи, не жаза алмады, миллиондаған балалар мектептен тыс қалды, педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі өткір сезілді.  Оқу-ағарту мақсатына бөлінген қаржы мардымсыз еді. Ол қалаға, облысқа, губернияға, т.б. территориялық әкімшілік  бөліктерге бөлінген қаржының 2,5 процентінен аспай жататын. 1907  жылы, мәселен, Қазалы уезіндегі оқу-ағарту ісіне 1,8 мың сом ақша бөлініпті, бұл уезд бюджетінің 6 проценті ғана болатын, ал есесіне полицияның қажетіне бөлінген қаржы – 11,9  мың сом -  бүкіл ақшаның 38 процентін құрады (Сембаев,1962,173).  1915 жылы Түркістан  өлкесінің бюджеті 25 млн.сом болса, оның 575 мыңы ғана, яғни 2,3 проценті оқу ағарту ісіне арналыпты. Бөлінген қаржы жан басына шаққанда 13-26 тиыннан ғана тиетін еді.

Жалпы Қазақстан бойынша білімге жұмсалған қаржы 1913 жылы бір адамға шаққанда 40 тиынннан аспаған .Сондықтан большевиктер халық ағарту саласында кешенді және батыл шараларды жүзеге асыра отырып, ұлттық аймақта екі толағай мақсатқа жетудің ізіне түсті, біріншіден, сауаттылық пен білімнен шеттетілген қарапайым адамдардың сұранысын өтей отырып, олардың құрметі мен сеніміне ие  болу мүмкіндігін жібермеді, екіншіден, білім беруді кеңейтумен қалың көпшілікке беймәлім маркстік-лениндік идеологияны еңбекші халық санасына сіңіріп, социалистік қоғамның теориясы мен практикасын өмірге енгізді. Алғашқы кезде өлкедегі әліпбилік сауаттылық мектептері мен курстары депутаттар Кеңесінің, революциялық комитеттердің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың шешімдерімен және зиялы қауымның немесе сауатсыздардың бастамаларымен ашылды.Түптеп келгенде , қаржы тапшылығы  оқу-ағарту ісін алға бастыруға үлкен кедергі туғызды. Қаржының жетіспеуінен оқу орындары қажет мөлшерде ашылмады, оқулықтар мен оқу құралдары, мұғалімдер жетіспеді, балалар мектепке тартылмай қала берді, нәтижесінде сауатсыздық мәселесі асқына түсті.

Қазақ даласындағы оқу ағарту ісі. Сауатсыздар қатарының ұлғаюына мектеп жүйесінің баяу өсуі тікелей әсер етті. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда мектептердің төрт түрі болатын :

1.  Діни оқу орындары (мектептер мен медреселер);

2.  Жаңа әдістемелік мектептер;

3.  Орыс түзем мектебі;

4.  Орыс мектептері;

Білім беру жүйесі.  Мектептер мен олардағы оқушылардың саны осындай болғанда, оқытушы-мұғалімдер құрамы да айтарлықтай ұзап кете қоймады. Біріншіден, мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындары мардымсыз еді. 1878 жылы Орынборда алғаш мұғалімдік мектеп  ашылғаннан кейін 1917 жылға дейінгі  аралықта өлкеде қазақтан бар болғаны 300 мектеп маманы даярланыпты. Әрине, Қазақстаннан тыс жерлерде  - Омбыда, Қазанда т.б. қалаларда мұғалімдік  семинарияларды бітірген мамандар өлкеге келіп еңбек еткені рас. Бірақ олардың қатары онша қалың емес еді. Сол себепті де мектептердегі мамандардың біліктілігі, кәсіби шеберлігі, әсіресе ауылдық мектептерде  мейлінше төмен дәрежеде қала берді.

  ХХ ғасыр басындағы қазақ мектептерінің және бір қиналған жері оқулықтар мен оқу құралдарының , бағдарламалардың тапшылығы еді. Мектептерде татар тілінде шыққан әдебиетті пайдалануға тура келді. Қолайсыздық пен кемшілік бала оқыту ісін қиындатпаса, женілдеткен жоқ. Қалалық мектептерде оқу ісі біршама жолға қойылмағанмен ауылдық жерлерде оқу процесін ұйымдастыру бірізді бола бермеді.

Адамның сауатты болуы үшін ол оқитын кітап, газет-журнал болуы керек. Осы тұрғыдан келгенде де Қазақстандағы жағдай мәз емес еді. 1926 жылы өлкеде қазақ тілінде 10 газет (тиражы 27,5 мың), 3 журнал (тиражы 7,5) шығып тұрса, 77 атаумен оқулық және басқа әдебиет (тиражы қулық және басқа әдебиет (тиражы 302,5  мың) жарық көретін. Татар, өзбек, қарақалпақ т.б аз ұлттар тілінде мерзімді баспасөз шығару жоққа тән еді. 1928  жылы  бүкіл Қазақстанда 39 газет,  журнал, бюллетень 221 мын тиражбен, 312 атаулы кітап 1,5 млн тиражбен жарияланған екен. Шамамен 4 адамға бір кітап, газет, журналдан келген. Сонда жарық көрген баспа өнімдері сауаттылардан артпай қала бергені сөзсіз. Сауатсыздарға қолға алып оқитын дүние ғана емес, қағаз-қарындаш та жете бермейді. Хат танымайтындар үшін қағаз-қалам тапшылығы аяздай батқанын жазушы А. Сейдімбеков «Қаныш берген қарындаш» деген деректі әңгімесінде келістіре суреттеген. Әңгіменің қысқаша мазмұны мынадай. 1927-28 жылдар шамасында Жезқазған өңірінің қазіргі Жаңаарқа ауданында тұратын он төрт-он бес мұғдарындағы бала Ж.Қалқаманов сауатсыздықты жою курсына барып жүреді. Оқу үшін қағаз, қарындаш, сияны әркім өзі табуы керек екен. Ал олар емге табылмайтын дүниелер. Сол тұста көзі қарақты бір азамат қызын оқыту үшін сынық қарындашты отыз қадақ бидайға сатып алған көрінеді. Айналып келгенде Ж.Қалқамановтың ендігі арманы қағаз бен қарындаш болады. Бір ғажабы ел ішінің жағдайы қаншалықты ауыр болса да «Оқу керек!», «Сауатсыздық жою керек!» деген мәселені халықтың қолдағанын көреміз.

А. Байтұрсынов алфавит мәселесіне байланысты ұстанған бағытынан қайтпады. Бакуде өткен съезден кейін де өз пікірін қайталап отырды. 1926 жылы желтоқсанда Қызыл-Ордада өткен латын әрпіне көшу туралы болған кеңесте баяндама жасап, былай дейді: “ ...Мен мәселенің ілім мен іс жүзіндегі жағын ала сөйлемекпін. Ең әуелі аңғартып өтетін бір нәрсе сол латын әрпін алу деген тіршілік мұқтаж қылғаннан ділгірлік қысып туғызып отырған мәселе емес....

Түрік жұртының 90%-ы баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының арап әрпімен жасалған хат мәдениеті бар(хат мәдениеті-сауыттылық, оның жүзіндегі өнер-білім, ілім,  емле, үйрету әдісі, баспа әдістері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер т.б. ). Хат мәдениеті бар халыққа бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес... Артық тұрған қаржы керек, артық түрған адамның күші, ісі керек.  Мұндай екі шығын екі жұмысты көтергендей қаржы мен қайрат қазақ түгіл, түріктің қай жұртында да жоқ...

  Он шақты күнде, он шақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес. Әріп алмастыру деген ел жағынан да, елдің шаруасы жағынан да ауырлығы зор мәселе екендігін еске ала отырып шешетін нәрсе дей келіп”, екі алфавитті 6 түрлі қырынан салыстырады да араб  алфавитін қолайлы деп табады.

  Бірақ, кеңес заманында ұлттық мүддеден идеологиялық қажеттілік басым тұрғанда А. Байтұрсыновтың қалай дәләлдеп бақса да ой-пікірі өтпейтін еді. Солай болды да. 1928 жылы өткен ҚазАССР Орталық атқару комитетінің  IV сессиясында қазақтың жаңа алфавитін 1931ж. енгізу туралы қаулы қабылданды.

  Ахмет Байтұрсынов мемлекеттік басқару істерінде жүрсе де, ғылыми жұмыстармен айналысса да, оқытушылық-ұстаздық қызметтен қол үзбеген. Ол 1921-1928 жылдары Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институты (КИНО-Казахский институт народного образования) деп аталатын оқу орнында, 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1928 жылдың қыркүйегінде Алматыда Қазақ мемлекеттік университеті ашылады.

1920-1921 оқу жылы республика бойынша 72,0 мың адам оқу мен жазуды үйренді.  Алайда кейінгі жылдары хат танығандар саны күрт түсіп кетті. «Себебі- аштық, делінген 1922 жылы 8 шілдеде жазылған ресми құжаттардың бірінде, бірде-бір саужойлық қызметкер атқарған жұмысына не көк тиын ақы, не азық-түлік паегін алмады». Тек қана 1924-1925 оқу жылында  саужой жұмысының өрлеуі байқалды. Оған аштықты жеңу мен шаруашылықтағы табыстар ғана емес, 1924 жылдың басында «Сауатсыздық жойылсын» Бүкілодақтық қоғамының қазақ бөлімшесін құру да себеп болды. Қоғам сауатсыздықты жою «біркүндіктерін», «үшкүндіктерін», «айлықтарын», ұйымдастырды, кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



  1925 жылы «сауатсыздық жойылсан»  қоғамының мүшелері 40 мың адамнан асты, олардың тікелей қатысуымен сауатсыздықты жою дың 110-ға жуық пункті ашылды. Әйелдер арасындағы  жұмысқа зор назар аударылды. Біртіндеп хат танығандардың саны өсті. Егер 1922-1923 оқу жылында әліпбилік сауатты 4,1 мың адам меңгерді.Республика халқының сауаттылық деңгейі  1920 жылға 14,4 пайыздан 1926 жылы 25,2 пайызға дейін көтерілді.Жастар мен комсомолдар сауатсыздықпен күрестің белсенді қатысушылары болды. Олардың бастамасы бойынша 1928 жылы мәдени жорық басталды,оның негізгі міндеті  сауатсыздықты,ішімдікке салынуды жеңіп шығу, тұрмыс мәдениетін нығайту болып жарияланды. 1930 жылы мәдени жорыққа комсомол-мәдени армияшылар қатысты. Республика комсомолы  соғысқа дейінгі бесжылдықтар ішінде саужой жұмысына өз қатарынан 65 мың адам бөлді.30-жылдардың екінші жартысында  тұрғындары жаппай сауатты алғашқы кәсіпорындар, ұжымшарлар мен аудандар пайда болды. Түрксіб, Балқаш мыс қорыту комбинаты Шымкент қорғасын зауыты, Қарағанды көмір бассейні сияқты индустрия алыптарының жұмысшылары оқуды да, жазуды да үйренді. 1937 жылы іс жүзінде республиканың барлық комсомолы сауаттанды. Әліпбилік сауаттылық проблемаларын ойдағыдай шешуге халықтың білімге деген орасан зор құлшынысы көмектесті. Қарапайым еңбекшілер мектептер мен саужой пунктерінің құрылысына, оларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиетпен, жазу құралдары мен қамтамасыз етуге қол ұшын берді. Саужой  науқанының барысы мерзімді баспасөз беттерінде кеңінен жазылды.  1939 жылы 50 жасқа дейінгі Қазақстан халқының сауаттылығы 83,6 пайызды  құрады. Қараңғылықтың толық жойылуына Ұлы Отан соғысы кедергі болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары мектеп құрылысының проблемалары мен қиыншылықтары барынша шиеленісті. Жоғарғы сынып оқушыларының бір бөлігі Қызыл Армияның қатарына шақырылды немесе оқуды тастап, майданға кеткен әкелері мен ағаларын жұмыс орнында алмастырды. 1943/44 оқу жылында орта мектептегі оқушы-қазақтардың саны соғыстың алдындағы жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық қысқарды. Мектептерді оқулықтармен, оқу құралдарымен, дәптер және басқа да керекті  жабдықтармен қамтамасыз ету нашарлады. Балалардың қаңғыбастығы мен панасыздығы кеңінен етек жайды. Соғыс мектеп мұғалімдерінің материалдық жағдайын нашарлатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет