Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның құрғақ дала аймағында орналасқан. Қала аумағы төменгі жайылма террассалар болып табылады. Есіл өзені – астананың негізгі су артериясы болып табылады. Климат күрт құбылмалы – суық әрі ұзаққа созылған қыс және ыстық, орташа құрғақ жаз. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағы 722 шаршы километрден астам, халқының саны 1010000 астам адам.Нұр-Сұлтан қаласының архитектуралық көрінісі Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлерін бейнелейтін арнайы еуразиялық стильде жасалды. Елорда мастер-жоспарының авторы атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава болды. Қала үш ауданнан тұрады: «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл».