1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретіндегі тарихи миссиясы



бет123/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020
Тарих ответы 2020, Документ (1)
79.Ұлт көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретіндегі тарихи миссиясы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді.Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаң­ғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады. Нұрсұлтан Назарбаев дала дипломатиясының даналығын жетік білетін, мәмілегерлікті еркін меңгерген, араағайындық миссиясын мінсіз атқаратын сұңғыла саясаткер. Елбасының бірегей бітімгерлігі әлемге өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап белгілі болды. 1988 жылы ақпан айында Әзірбайжан Республикасы құрамындағы Таулы Қарабақ автономиялық облысы мен Шаумян ауданы республика құрамынан бөлінуге ұмтылды, мұның ақыры қарулы қақтығысқа ұласты. Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің сол кездегі Президенті Борис Ельцинмен араағайындыққа барды. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев суырылып сөйлеп, тараптардың татуласуына қол жеткізді. Осыдан кейін әлемде бір-бірімен тілтабыса алмай қалған мемлекеттер болса Қазақстан Көшбасшысына жүгінетінді әдетке айналдырды. 2014 жылы Таулы Қарабақта тағы да мылтық атылды. Елбасы 22 жылдан кейін тараптарды қайтадан мәмілеге шақырып, бітімге келтірді. Нұрсұлтан Назарбаев Украина мен Ресей, АҚШ пен Ресей, Түркия мен Ресей арасындағы қырғи қабақтың да қыртысын жазуға қатысты. Казақстан көшбасшысы Сириядағы қақтығысты реттеуге Астана алаңын бекерден-бекер ұсынып отырған жоқ. Мұндағы мақсат – мәселені бейбіт жолмен шешуге ықпал ету. Нұрсұлтан Назарбаев: «Кез келген соғыс ерте ме, кеш пе, бейбітшілікпен аяқталады», – дейді. Бұл – бейбітшілікке балама жоқ деген сөз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет