5.«Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға дайындық бастау және жүргізу туралы» ҚР Үкіметінің 2015жылғы № 1448 Қаулысы.
Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес, деген халық даналығы бар.
Тарих – бұл халықтың бүгіні мен болашағын айқындайтын бірден-бір маңызды
көрсеткіш. Тарих – тұтас халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға тән табиғи заңды құбылыс.
Әр халықтың маңдайына біткен тағдырлы жолы осы тарих қойнауынан тамыр тартады.
Сондықтан да, төл тарихын ұлықтап, ата-бабалар салған сара жолды ұстанған халық
қана кемел келешекке нық сеніммен қадам басары анық. Бабалар мұратын
жалғастырып, ел аманатын арқалап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің
70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігімізді, ал бұл ұлттық
таным-тарихымызды терең зерделеп, құнды жәдігерлерімізді ел жадында қайта
жаңғырту және де бүгінгі күннің бедері – сан ғасырлық тарихи кезеңдердің дәйекті
жалғасы екендігін атап көрсетті .
Қазақ хандығының биыл 550 жылдығы тойлануда, осындай тарихи оқиғаға
байланысты ел аумағында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап өткен уақытта
Қазақ хандығы басынан қайғыны да қуанышты да өткерген болатын. Қазақ
хандығының негізін қалаушылар, Керей мен Жәнібек осы хандықтың байрағы биік,
босағасы берік болсын деп қолдарынан келгенше аянбай күресті. Қазақ хандығының
негізін қалаған хандардан кейінгі, яғни 1480 жылдардан бергі тақта отырған хандар
күштерін халқы үшін аямаған. Тарихымыз бірнеше томдық болып жазылатын
еңбектердің беттерінде Қасым, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар жайлы мәліметтер көп.
Олардың барлығы Қазақ хандығының тыныштығы үшін жан аямай күрескен. Бүгінгі
таңның жас ұрпағы, өмір сүріп жатқан зайырлы, ең бастысы тыныштығы орнаған
мемлекеттің іргетасы осы ата-бабаларымыздың арқасында мықты-берік болып
қаланғанын ұғыну қажет. Оны түсіну көзі ашық, көкірегі ояу жандар үшін әсте қиын
емес.
Қазірде Қазақстан әлем халықтарының назарын аударып отырған Орталық
Азиядағы бірден-бір дамыған, тұрақты елдің бірі. Сол себепті бұл елде болып жатқан
оқиға әлем елдерінің назарында. Сондай-ақ осы жылы Қазақстан халық
ассамблеясының 20 жылдығын атап өту біздің татулығымыздың көрінісін айғақтап
берсе, айталық, Ата заңның 20 жылдығы тойлау, ол біздің құқықтық
тұрақтылығымыздың кепілін көрсетеді. Ал Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту,
ол еліміздегі бірліктің көрінісі. Бұл әрине, қазақ елінің халықаралық деңгейдегі рөлін
нығайта түсетіні анық.
Билеуші топ арасындағы алауыздық сол мемлекетті екіге бөледі немесе сол
билеуші әулет арасында күрес жүреді. Нәтижесінде бұл күрес мемлекеттің әлсіреуіне,
содан кейін құлдырауына, жойылуына алып келеді. Кез-келген ұлт, кез келген халық
өткен тарихындағы әлсіз жақтарын дұрыс пайдаланып, үнемі назарда ұстап, алауыздық
болдырмай, ел бірлігін сақтаса ол ұлы халыққа айналады. Бірлік тілдік жағынан да,
діни жағынан да сабақтасуы тиіс. Яғни, саяси бірлік, әлеуметтік бірлік, экологиялық
бірлік, діни бірлік барлығы жиыла келе мемлекеттік нүктесінде ұштасқанда ғана қазақ
елінің дамуы одан ары қарыштай береді. Сондықтан біздің болашақ дамуымыздың
негізі осы бірлік идеологиясы болып табылады.
Тарихы терең қойнаулардан бастау алатын қазақ жұртының мемлекеттілігінің
тарихы қазақтың тұңғыш хандары Керей мен Жәнібектің 1465 жылы «Қазақ
хандығын» құруынан басталады. Қазақстандық тарихшы-профессорлар, зерттеушілер
осы Қазақ хандығының құрылуына байланысты көптеген пікірлерді алға тартады.
Негізінен, Қазақ хандығының құрылуы туралы ежелден келе жатқан жалғыз
құнды дерек Мұхаммед Хайдар Мырза Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі
мәліметтер. Моғолстан тарихына арналған бұл шығармада осы елмен бірге бүкіл
Орталық Азиядағы елдер мен халықтардың тарихына қатысты құнды мәліметтер
баяндалады.
Профессор Б.Б. Кәрібаев еңбектерінде Қазақ хандығының құрылуының
алғышарттарын көрсеткен болатын. Олар:
1) Қазақ хандығының құрылуы - ең алдымен, Қазақстан аумағында қола
дәуірінен бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық процестердің заңды
қортындысы болып табылады
2) Қазақ хандығының құрылуы - XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағында
болған мемлекеттік құрылымдар мен көршілес аймақтардағы мемлекеттердің ішкі және
сыртқы саяси қатынастарының нәтижесінде жүзеге асады.
3) Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында бері дегенде сақтар
заманынан бері үзбей дамып келе жатқан, этникалық процестермен қатар жүрген
мемлекеттілік дамуының да нәтижесі болып есептеледі.
Осылайша Қазақ хандығының құрылуы мемлекеттік тұрғыдан алғанда ұлттық
сипатқа жол ашқан, қазіргі кезеңдегі этникалық ұғымдардың бастауы болған, сондайақ XV ғасырға дейінгі тарихтың қортындысы және XV ғасырдан кейінгі тарихтың жаңа
кезеңінің бастауы болған күрделі оқиға деп есептейміз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен бекітілген 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары:
2015 жылғы қаңтар-Астана және Тараз қалаларында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған негізгі шараларды дайындау және өткізу жөніндегі тұжырымдаманы және іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қарауына енгізу.
2015 жылғы қаңтар-Қазақ хандығының 550 жылдығы логотипінің нобайын дайындау және бекіту
2015 жыл бойы-Мерейтойлық іс-шараларға шақырылған шетелдік қонақтар мен журналистерге виза беру және аккредиттеу мәселелерін шешу
2015 жылғы сәуір-Студенттер арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғауы» ұраны аясында Қазақстан тарихынан өңірлік олимпиада өткізу
2015 жылғы маусым-Алматы қаласында «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы және теориясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу
2015 жылғы маусым-«Ұлытау – ұлт ұясы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу және «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы сапар-орталығының құрылысы аумағында тас қою
2015 жылғы маусым-Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Бұланты шайқасы болған жерде стеланы салтанатты түрде ашу
2015 жылғы қазан-Тараз қаласында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында республикалық ақындар айтысын өткізу; Тараз қаласында «Қазақ хандығына 550 жыл» монументін орнату және салтанатты ашу
2015 жылғы ІІ тоқсан-Бұланты шайқасы туралы кітап басып шығару (деректі материалдар негізінде)
2015 жылғы қыркүйек-Қазақ хандығының құрылуына арналған кітап шығару
2015 жылғы ІІ тоқсан-Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар шығару
2015 жылғы желтоқсан-«Қазақ елі» тарихи-драмалық 10 сериялы телесериал шығару
2015 жылғы қыркүйек-Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітап-альбомын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) басып шығару
Достарыңызбен бөлісу: |