1.«Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы». ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ххі ғасырдағы Абай және Қазақстан» атты мақаласы


«Мәңгілік Ел» патриоттық Актісінің тарихи маңызы



бет14/139
Дата29.12.2021
өлшемі341,36 Kb.
#105994
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   139
Байланысты:
Тарих ответы 2020

9.«Мәңгілік Ел» патриоттық Актісінің тарихи маңызы.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты: әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтары, мемлекеттік тіл, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша әдістер және инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байытуда шетелдік тәжірибелерді қолдану.

Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы. Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі тиіс. Онда экономика мен саясаттың, мораль мен діннің мәселелері, Қазақстанның жаһандық әлемдегі орны жөніндегі көзқарастарымыз бір арнаға тоғыстырылған. Патриоттық акті біріншіден, халқымыз қалыптастырған және өз жан-жүйесінен өткерген басты жалпыұлттық құндылықтар, екіншіден, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өркендету жолындағы өзара жауапкершілігінің өзегі. Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымыздың дұрыстығын компаспен тексергендей, Патриоттық акт арқылы анықтайтын боламыз» - деді.

Құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған болатын. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы ретінде жалпыұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы 4 қазақстандық жол, қазақ халқының мыңжылдықтардағы тарихи тәжірибесін жүзеге асыру идеясын алға шығарды.

Белгіленген құндылықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриотттық актісін түсіндіру бойынша жұмыстарды қамтиды.

Базалық құндылықтар негізінде тұлғаға тәрбие мен білім беру міндеттерін шешуде әлемдік және қазақстандық оңтайлы тәжірибелерге сүйенбеу мүмкін емес.

Патриотизм және патриоттық құндылықтар әлеуметтану, педагогика, саясаттану, тарих, философияда зерделеніп, тұжырымдамалық идеялар мен ғылыми тәсілдер тұрғысынан әртүрлі кезеңдер мен контекстерде ғалымдармен қарастырылады.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады.

Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.

Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!




«Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде былай делінеді: «Біз, байырғы Қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастылықтың, маңызын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдаймыз. Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудағы жауапкершілігі мен биік мәртебесі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңында топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдардан өттік және бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның, қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз. Біз - Қазақстан азаматтары, Н. Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, болашағы біртұтас ел - Мәңгілік Елді құру жолында бірігеміз. Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар, отбасымыздың амандығы, еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге сенім ұғымдары орныққан. Біз Мәңгілік Елдің мызғымас тұтастығын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз. Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың ұлы миссиясында адал боламыз. Астананы халқымыздың гүлденуінің жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. Мәңгілік Ел - бұл жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің отанымыз бір! Ол - Тәуелсіз Қазақстан! Біздің еліміз бір, тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ісі мыңжылдықтарға жалғасады. Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік береді. Біздің еліміздің рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз. Мәңгілік Ел - бұл инновация жолындағы тұрақты экономикалық өсім. Біздің мемлекет индустриялық және инновациялық күш қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға ұқыптылықпен қарап, қоғамдағы білім мен ғылымның культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. Мәңгілік Ел - бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біздің елдің әр азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, еңбек адамына құрмет секілді құндылықтарымызды нығайтамыз. Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы. Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үш тілділікті еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің алғышарты бойынша дамыту қағидаты ретінде ұстанатын боламыз. Біз Үлкен Ел, Үлкен Отбасымыз. Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әр азаматтың қасиетті парызы болып табылады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық ареналарда мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Біз Мәңгілік елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз! Біз отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз. Бұл біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақ халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасалған саналы таңдауымыз! Біртұтас еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын! Қазақстандықтардың мәңгілік мекені - Ұлы Дала еліне бата қонып, бақ дарысын!».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет