1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері


Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары және базалық категориялары



бет5/13
Дата19.11.2022
өлшемі49,65 Kb.
#158889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
f27257c810d4c9f806121709f43f2fc6 1 (3) (копия)

2.Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары және базалық категориялары
1.Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары
Қаржы менеджментінің негiзгi тұжырымдамалары
1. Ақша ағымының тұжырымдамасы;
2. Ақшаның уақытша құны;
3. Тәуекел мен табыстылық арасындағы ымыра;
4. Операциялық және қаржылық тәуекелдер;
5. Капиталдың құны;
6. Капитал нарығының тиiмдiлiгі;
7. Ақпараттың асимметриялығы;
8. Агенттiк қатынастар;
9. Баламалы шығындар;
10. ШЖС қызмет етуінің уақытша шектеусіздігі.
1. Ақша ағымының тұжырымдамасы

      • ақшалай ағынның теңестiрiлуін, оның ұзақтығын және түрін;

      • ақшалай ағынның элементтерiнiң шамасын анықтайтын факторларды бағалауды;

      • ағынның әр түрлi уақыттағы шығарылатын элементтерiн салыстыруға мүмкiндiк беретiн дисконттау коэффициентiн таңдауды;

      • ағынмен және оны есепке алу әдiсіне қатысты тәуекелдi бағалауды жорамалдайды.

2. Ақшаның уақытша құны тұжырымдамасы
Пайда нормасын есепке алумен қаржы нарығында уақыт өткенде ақша құны өзгереді, әдетте ол несиелiк пайыз нормасы ретiнде болады. Сөйтіп келгенде, әртүрлi уақыт аралықтарында бірдей ақша сомаларының әртүрлi құны болады. Оған қарамастан қазiргі ақша құны кез келген келешек мерзiмге қарағанда әрдайым жоғары. Бұл баға теңсіздігі үш негiзгi факторлардың әсерiмен анықталады: инфляциямен, капиталды салған кезде табыс алмау тәуекелi және айналым активтерінің бір түрі ретінде қаралатын ақшаның ерекшелiгi.
3. Тәуекел мен табыстылық арасындағы ымыра тұжырымдамасы
Бизнестегi кез келген табысты алу кезінде жиiрек тәуекелмен кездесетінінде, және де бұл өзара байланысты мiнездемелердiң арасындағы байланыс тура пропорционал: тиiстi, талап етілетін немесе күтiлетiн табыстылық (яғни салынған капиталға қайтарым) жоғары болған сайын, тәуекел дәрежесi де жоғары және бұл табыстылықтың алынбауымен сабақтас болуы мүмкiн.
4. Операциялық және қаржылық тәуекелдер тұжырымдамасы
Операциялық тәуекел кең және тар мағыналарда ұғылады. Кең мағынада кәсiпкерлiктiң салалық ерекшелiктерi, активтердiң алдын ала құрылымдары туралы айтылады. Тар мағынада шығын құрылымымен байланысты, техникалық деңгейдiң жоғарылатуы ұғылады.
Қаржылық тәуекел капитал құрылымымен байланысты.
5. Капиталдың құны тұжырымдамасы
Әрбiр қаржыландыру көздеріне қызмет көрсету фирма үшiн бірдей болмайды, демек, капитал бағасы шығынға батпауға мүмкiндiк беретiн әрбiр көздiң шығындарын жабу бойынша ең төмен табыс деңгейiн көрсетедi. Капитал құнының сандық бағасы инвестициялық жобаларды талдауда және кәсіпорын қызметiн қаржыландыруының балама нұсқаларының таңдауда басты мағынасы болады.
6. Капитал нарығының тиiмдiлiгі тұжырымдамасы
Қаржы нарығындағы операциялар (бағалы қағаздармен) және олардың көлемi сол ағымдағы бағаларға бағалы қағаздардың iшкi құндары сәйкес келетiніне тәуелдi болады. Нарық бағасы көп факторларға тәуелдi болады, және соның iшiнде ақпараттарға. Ақпарат негiзiн қалайтын фактор ретiнде қаралады, және ақпарат қаншалықты жылдам бағаларда шағылысады, нарық тиiмдiлiгiнің деңгейі соншалықты өзгередi.
7. Ақпараттың асимметриялығы тұжырымдамасы
нарық капиталының тиiмдiлiгi тұжырымдамасымен тығыз байланысты, ал оның мағынасы, жеке дәрежелерi тұлғалардың бiрдей мөлшерде, нарықтың барлық қатысушыларына қол жетпес ақпаратты бiле алатындығанда. Бiр жағынан, инсайдерлік деп аталатын ақпарат әрдайым бар болғандықтан, нарыкқа қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етудегi толық симметрияға жетуге болмайды. Демек, басқа жағынан, осы тұжырымдама тап нарықтың болуын ұғындырады, өйткенi әрбiр қатысушы оның орналастырған ақпаратты бәсекелестерiне белгiсiз болуы мүмкiн екеніне сеніп, тиiмдi шешiм қабылдай алуға үмiттенедi.
8. Агенттiк қатынастар тұжырымдамасы
бизнестiң ұйымдастыру құқықтық формаларының күрделенуiмен байланысты енгiзiлген. Мәні: күрделi ұйымдастыру – құқықтық формаларда иелену функциясы мен басқару функциясының аралығында ажырау пайда болады, демек кәсіпорынның иелерi басқарудан алыстайды, ал онымен менеджерлер шұғылданады.
менеджерлермен және иелердiң арасындағы қайшылықты жою үшiн менеджерлердiң жағымсыз әсерлерiнiң мүмкiндiгiн шектеу керек, сол үшiн иелер агенттiк шығындарды жабуға мәжбүр болады (пайдаға менеджердiң қатысуы немесе пайданы қолдануға келiсу).
9. Баламалы шығындар тұжырымдамасы
Бұл тұжырымдаманы кейде жіберіп алған мүмкіндіктер шығыны деп атайды. Бұл қаржылық сипатта болатын шешімді қабылдау барысында баламалы нұсқаны таңдамаған жағдайда туындайды. Егер баламалы нұсқаны қабылдаған жағдайда пайда алуға болар еді. Сондықтан шешім қабылдағанда баламалы нұсқаларды қарастыру қажет.
10. ШЖС қызмет етуінің уақытша шектеусіздігі
Кәсіпорынның бiр күнi пайда болып, мәңгi жұмыс істейтінін бiлдiредi, онда кездейсоқ жұмысты тоқтатып қоюға ойы жоқ болады, сондықтан оның инвесторларының және несие берушілердің фирманын мiндеттемелерін орындайтынына сенімді болады. Осы тұжырымдама бағалы қағаздар нарығындағы тұрақтылықтың негiзiн және бағалар динамикасының нақты болжалғандағы қызметін көрсетедi, қаржы активтердi бағалау үшiн фундаменталисттік жолын қолдануға мүмкiншiлiк бередi.

2.Қаржылық менеджменттің базалық категориялары


Қаржы менеджментінде қолданылатын экономикалық категориялар бухгалтерлік есеп берудің халықралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп элементтері болып табылады. Қаржылық есеп элементтері екіге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет