Қаржы менеджменттің басты мақсаты - қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады.
Қаржылық менджменттің басты міндеті - бұл фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акция бойынша, мүмкін болатын дивиденд бойынша көбеюін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет тәртібін анықтау .
Қаржы менеджментінің нарықтық экономикадағы жалпыға бірдей қабылданған жоғарыда атап өткен мақсаты туралы сөз еткенде, біздің көпшілігімізде қалыптасқан, кәсіпорынның қаржы әрекетінің басты мақсаты пайданы барынша көбейту деген ойымызға қарама-қайшы келетінін атап өткен жөн.
Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп дәрежесі және жиынтығы жағынан жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсаттарына жұмсалуы мүмкін, соның нәтижесінде кәсіпорын ары қарай дамуға қажетті, өзінің қаржы ресурстарын құратын негізгі көзден айырылады (ал дамымайтын кәсіпорын өзінің нарықтығы конкуренттік (бәсекелік) жайғасымен жоғалтады, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құру әлуетін азайтады, осының барлығы нәтижесінде кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеп соғады).
Сонымен қатар жоғары дәрежедегі пайда қаржы-қаражаттық тәуекелдің және болашақта банкроттыққа түсу қаупі есебінен болуы мүмкін, бұл жағдай да кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, нарықтық жағдайда пайданы барынша көбейту қаржы менеджменттің басты міндеті болғанымен, оның ең басты мақсаты емес.
2.Қаржылық менеджменттің қағидалары
Қаржылық менеджменттің негізгі қағидалары:
1. Жоспарлық және жүйелік
2. Мақсатты бағытталу
3. Диверсификациялану
4. Стратегиялық өркенделу
3.Қаржылық менеджменттің функциялары
Қаржыны басқару жүйесінің құрамын қаржылық менеджменттің қызметтері анықтайды. Қаржылық менеджментте екі негізгі қызмет түрі бар олар:
- басқару объектісінің қызметтері;
- басқару субъектісінің қызметтері.
Достарыңызбен бөлісу: |