1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері



бет1/13
Дата19.11.2022
өлшемі49,65 Kb.
#158889
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
f27257c810d4c9f806121709f43f2fc6 1 (3) (копия)


1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері
1.Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады, яғни пайданың, кәсіпорынның нарықтық бағасы.
Қаржыларды басқарудың екінші жағы - қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әртүрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.
Қаржылық менеджмент – бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен және кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.
Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасьыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарын анықтау, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстар көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құрудың мақсатқа лайықтылығын анықтау, ресурстық қаржы потенциалын құру және құралдар мен көздерді оңтайландырумен жүзеге асырылады.
Негізгі бағыт аясында қаржы ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының құрылған көлемін бөлуді оңтайландыру, олардың кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына қажетті пропорцияны анықтайды.
Қаржы айналымын оңтайландыру. Бұл тапсырма кәсіп-орынның ақша айналымы үрдісінде ақша ағымын тиімді басқару, жеке кезеңдер бойынша ақша қаражатының түсуін және шығындалуын қамтамасыз ету, айналым активтерінің қажетті өтімділігін қолдау жолымен шешіледі. Осындай оңтайландыру нәтижесінде бос ақша активтерінің орташа қалдығы азаяды, бұл өз негізінде тиімсіз қолданудан және инфляциядан болатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді.
Көзделген қаржы тәуекелі негізінде кәсіпорынның пайдасын көбейтуді қамтамасыз ету. Пайданы барынша көбейту, кәсіпорын активтерін тиімді басқару, қарыз қаржы-қаражатын шаруашылық айналымға енгізу, операциялық және қаржы әрекетінің тиімді бағыттарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелін барынша азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі алдын-ала жоспарланған немесе тапсырылған болса, ең басты тапсырма қаржы тәуекелін азайту болып табылады. Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы тиімділігін үнемі қамтамасыз ету. Бұл тиімділік қаржы тұрақтылығының жоғарғы дәрежесіне және кәсіпорынның барлық даму кезеңіндегі төлем қабілеттілігімен сипатталады, әртүрлі көздер есебінен қаржы ресурстарын құру көлемінде тиімді пропорциясымен инвестициялық қажеттілікті өзін-өзі қаржыландырудың жеткілікті дәрежесімен сипатталады. Жоғарыда қарастырылған қаржы менеджментінің барлық тапсырмалары әр түрлі бағытта сипат алғанымен, бір-бірімен өте тығыз байланысты. (мысалы: қаржы тәуекелі дәрежесін барынша азайту барысында пайда жиынтығын барынша көбейтуді қамтамасыз ету; кәсіпорынның даму үрдісінде, оның үнемі қаржы тепе - теңдігін және қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құруды қамтамасыз ету және т.б). Сондықтан қаржы менеджменті үрдісінде жеке тапсырмалар өзара оңтайландырылуы қажет, бұл оның басты мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қаржылық менеджмент кәсіпорынның жалпы кірісі, акция кірісі (дивиденд) және акция сценариімен жұмыс атқарады, сонымен қатар нақты нарық жағдаятының күтіп отырған нарық жағдаятына сәйкес келмегендіктен болатын шығын тәуекелімен де жұмыс атқарады. Пайданы барынша көбейту мақсатын басшылыққа ала отырып, компания пайданың барлық түрін алуға болатын баламаны таңдауға тиіс. Акция курсын көбейтуге немесе төленетін дивидендтің көбеюіне экелетін шешімдерді қабылдау керек. Бірақ, тәжірибеде мұндай әрекеттер капиталдың бір бөлігін жоғалтумен, меншік иелері алдағы кірістерінен айырылуымен, іскерлік имидждің төмендеуімен және кейде фирманың құруымен байланысты болады. Сонымен қатар фирма өз тарапынан ешқандай әсер ете алмайтын факторлар бар (ішкі немесе экзоиндік факторлар), осы факторлар фирманың пайдасын азайтады, олар: технологиялық, ресурстық, қаржылық, экологиялық және саяси шектеулер).


Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (бөлінбеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б.).
Қаржылық менеджмент акция иелерінің хал-ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылданған шешімдер жиынтығымен байланысты. Сонымен қатар қаржылық-менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
- қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;
- қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру;
- ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару, инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау);
- мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;
- шешімнің нұсқамасы және орындалуы;
- шешімнің орындалуын бақылау;
- шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет