7. 1917жылғы Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан, Қазақ саяси элитасы. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.АҚПАН РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ : патша үкіметі билігінің құлауы;
майдандағы қорқынышты жағдай;
жұмысшылардың ауыр жағдайы, жалақының төмендігі, еңбек заңнамасының жоқтығы;
Ресей империясының басқа ұлттарына қатысты орыстандыру саясаты;