1.Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында
Елімізде 1991 жылы 1 желтоқсанда – бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Е.М. Асанбаев – вице-президент. 1991 жылғы 10 желтоқсан – Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. Осы сәттен бастап Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз Қазақстаннның жаңғыру жолында тынбай еңбек етті. Атап өтер болсақ:
1991 жылғы 10 желтоқсан – ҚазақКСР-інің атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді;
1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің (ЖК) 7 сессиясында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылданды;
Тәуелсіз Ел ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын бейбіт жолмен жүргізді;
Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырды;
Республика жері-біртұтас, бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деп жариялады;
Ұлттық мәдениетті, дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып, дамытты;
Қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нығайтты;
Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық жолында жұмыс жүргізді;
Халық игілігін көздейтін экономикалық даму жолына қадам басты.
Бірінші Президенттің бастамалары
Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешіп отырды;
1991 ж. 29-тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды;
1991 ж .21-желтоқсан күні Алматы қаласында ТМД құрды;
1992ж.қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайын өткізіп, жер бетінде тарыдай шашылған қазақтарды тарихи Отанына шақырды;
1993 ж. Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды;
1994ж. Орталық Азия экономикалық қауымдас-тығын құрды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан);
1994ж. Қазақстан Президенті Еуразиялық мемлекеттер одағын ұйымдастыруды ұсынды. (Одақтың мақсаты: Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту, әлеуметтік-экон-қ жаңғырту процестерін жүзеге асыру);
Әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда;
Халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды;
Достарыңызбен бөлісу: |