1Қазақстан Республикасындағы нотариат



бет1/4
Дата10.11.2023
өлшемі60,4 Kb.
#190720
  1   2   3   4
Байланысты:
Аружан (1)


Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................................3


1Қазақстан Республикасындағы нотариат ...................................................................5
2Нотариустың көмкешілерімен тағылымдамадан өтушілердің құқықтары және міндеттері.......................................................................................................................11
3Қазақстан Республикасының нотариус заңнамасының жетілдіру жолдары..........................................................................................................................14
Қорытынды.....................................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................................22
Қосымша құжаттар........................................................................................................23

Кіріспе
Мен ҚҚ-149 тобының студенті Серікбай Аружан Ғалымқызы 2022-2023 оқу жылының кестесіне сәйкес өндірістік практикадан 27.02.2023- 21.04.2023ж күндер аралығында Шымкент қалалық, нотариаттық палатасына барып өттім. Нотариаттық палатасында менің өндірістік практиканың жетекшісі ретінде «Құжаттарды орындау» бөлімінің орындаушысы Жанбулатов Самат Еркинбекович тағайындалды. Жетекшім Жанбулатов С.Е мені, нотариат палатасы атқаратын жұмыстарын және нотариус орындаушылары қандай қызмет атқаратынын түсіндіріп, жұмыстың маңыздылығы мен таныстырды. Мамандығыма байланысты қажетті іс материалдарымен танысып, тәжірибе жинақтадым.


Нотариат палатасында, өткен күндерге тоқталатын болсам, 27.02.2023ж күні яғни іс тәжірибенің алғашқы күнінде Шымкент қалалық, нотариат палатасының кадр бөлімінің ұжымымен таныстым.
28.02.2023ж күні практика барысныда біз құжаттарды тексердік.
01.03.2023ж күні Жанбулатов С.Е. архивтегі іс құжаттармен жұмыс жасатты.
02.03.2023ж күні Жанбулатов С.Е. құжаттарды қалай тігіп, орналастыруды көрсетті.
03.03.2023ж күні жетекшім Жанбулатов С.Е, құжаттарды кітап ретінде номерлеуді түсіндірді.
06.03.2023ж күні нотариаттық палатаның қызметі заңмен жарғы мен реттеледі және заңды тұлға болып табылатынын түсіндірді.
10.03.2023ж күні ішкі тәртіп ережелерімен кәсіби нормалармен таныстырды.
13.03.2023ж және 14.03.2023ж күні жетекшім Жанбулатов С, жалпы нотариаттық іс-жүргізу ҚР-ның әділет министрлігі бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылатының түсіндіріп, айттып өтті.
15.03.2023ж күні нотариус ашу үшін қандай құжаттар керек екенін түсіндім.
17.03.2023ж күні Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңы 1997 жылы 14-шілде де қабылданған.
24.03.2023ж нотариатты іс-жүргізу құжаттары қалыптастырылған орны бойынша 10-жыл бойы нотариуста сақталады.
29.03.2023ж күні неке шартының тек жас-жұбайлардың арасында өтетінін айтып өтті.
30.03.2023ж күні нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңседе немесе тыс жасалуы мүмкін екенін түсіндім.
03.04.2023ж және 04.04.2023ж күндер практика барысында іс-құжаттарды тізімі бойынша реттедім.
05.04.2023ж күні нотариаттық палата нотариус ашуға лицензия бере алады және оны алып қоюға құқығы бар екенін айтып өтті.
06.04.2023ж және 07.04.2023ж күндер аралығында жетекшіміз Жанбулатов С.Е нотариаттық палатаның, нотариуыстарға жалпы басшылық жасап олардың қызметін үлестіріп отыратынын айтты.
10.04.2023ж және 11.04.2023ж күндер аралығында Жанбулатов С.Е нотариус заңдарымен міндеттерін атап-өтті.
12.04.2023ж архивте жұмыс жасадық және де қалай құжаттарды іздеу керек екенін түсіндік.
13.04.2023ж күні сонымен қатар нотариаттық іс-әрекеттерді және де мәліметтерді қасақана жариалау қылмыс болып табылады және де олай жасаған адам заңмен жауап береді.
14.04.2023ж күні барлық нотариаттық іс-әрекеттер БНАЖ электрондық тізімінде тіркелетінін көрсетті.
17.04.2023ж күні жалпы нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
18.04.2023ж күні мүлікті иеліктен айыру және куәландыру шарттарын түсіндірді.
19.04.2023ж күні Жанбулатов С.Е архивтегі іс-қағаздарды не үшін сақталатынын түсіндірді.
20.04.2023ж күні Жанбулатов Самат әрбір құжаттың маңызды екенін және мерзімі өткен соң жою керек екенін ескертті.
21.04.2023ж практиканың соңғы күні Жанбулатов Самат өндірістік практика есебін дайындадық. «Шымкент қалалық, нотариат палатасының» төрайымы Г.Т Джунисбековаға, барып осы уақытқа дейін іс-тәжірбиеде жинақтаған тәжірбиемен жәнеде көптеген ақпарат біліп, үйренгенімді айтым. Г.Т Джунисбекова практика есебін тексеріп, бағалап, күнделігіме мөр қойып берді.

1 Қазақстан Республикасындағы нотариат



Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі.
Ежелгi Римде нотариустардың үлгiлері жəне жаршылары көшір меші болды. Нотариус – латыншадан «көшірмеші» деп аударылуы текке емес. Олардың мiндетiнде жолдаулар жəне өтiнулердi əртүрлi тектiң құрастыруы ғана емес, түрлi мəмiлелердiң құрастыруы да кiрдi, мемлекеттік қызметте тұрғандары (scribae) жəне жеке тұлғалардың қарамағындағылар (exceptores et notarii), сияқты екi дəрежесi болды. Мемлекеттiк қызметтерде тұрғандары магистратпен өмiр бойына римдік азаматтардан сайланды, сонымен бірге азаматтық-құқықтық абыройынан айырылмады. Олар ашық құжаттар даярлады, қоғамдық есепшоттар жүргізді, көшірмелер жасады жəне құжаттардың көшірмелерін берді, сонымен бiрге декреттер жəне магистраттың ұйғарымдарын əзiрледi жəне оларды сақталды. Преторлық соттық процестерде олар соттық журнал жүргізді.
Жеке тұлғаларда қызметте тұрған көшірмеші қалыпты ережеге сай еріктілер, жалда нушылар жəне құлдар болды. Олар өз қожайынының қарастыруы бойынша хатшылық қызметтерді орындады. Дегенмен, үшінші ерекше дəрежедегі, құқықтық құжаттар мен материалдарды ресiмдейтін тұлғалар болды. Бұл – табеллиондар. Олар мемлекеттік қызмет пен жеке тұлғаларда тұрмаған, азат адам дар болды. Табеллиондар сыйақы үшін мемлекеттік бақылауда бо лып, баршаға заңдық жəне нормативтік актілер жазды. Олар өз қызметтерін тек қана кеңселерде жасады. Табеллион жасаған құжатқа ашық актінің сипатын беру үшін оны сот хатта масына енгізу керек болды, кейін бұл актінің заңдылығы туралы сұрақтар пайда болмаған. Табеллиондар құқықтық білімі бар, та беллиондар корпорациясына қабылданған, қала профектісімен қызметке бекітілген еркiн римдiк азамат бола алды, қағаздар дайын даумен айналысты, мемлекет бақылауында болды. 17 2–221 Табеллиондар нотариаттың «атасы» болды.
Еуропалық елдерде нотариат əрдайым қоғамдағы құрметті орынды алды. Мысал ретінде Францияны келтіруге болады. Бонапарт азаматтық кодексті енгізуді ойға алғанда ол маңызды құқықтық актіні іске асыратын құрылымды құрастыруды қажет деп білді. Бұл құрылым нотариат болды.
Император кеңесшiсi Реаль нотариатты енгiзудi былай негiздедi: «Тарапты келiстiруге жəне дауды шешуге шақырылған шенеуніктерден тысқары, тыныштықты, екіжақтық тараптары үшiн кеңесшілер болып табылатын, сонымен бiрге олардың ерiк бiлдiрулерiнiң нақты редакторлары болатын:- əр тараптың келісімшартта қабылдайтын мiндеттемелерін толығымен түсiндiретін;- шарттардың мiндеттемелерін анық баяндайтын;- куəландырылған жəне нақты шешімі шыққан мінездеме беретін;- үлесiн дұрыс жəне мəңгi есте сақтайтын басқа шенеуніктер бо лып келеді. Олар адал адамдардың арасындағы даулардың пайда болуы на жол бермейдi, пайдақор адамдарды əдiлетсiз дауды қоздыруда жетістікке жету үмітінен айырады. Бұлар алаламайтын кеңесшiлер, нақты редакторлар, ерiктi судьялардың бұл тегi əр тараптың келісімшарттарын атқаратындар, – олар нотариустар, бұл мекеме лер – нотариаттар».
Нотариат институтын енгiзгеннен кейiн Реаль «Нақтылық сезiм» тəн Бонапарт француз құқығын жөнге келтіруді, оны халықтың пай дасына iске асыратын құзырлы заңгерлердiң тартуларынсыз елесте те алмады», – деді. Қазақстан аумағындағы нотариаттың заң шығаруын реттеуiнің қалыптасу тарихы Ресейдегi нотариаттың даму жəне қалыптасу та рихымен үздiксiз жалғасқан. Ресей мен Қазақстан Республикасында нотариат институтының пайда болуы Романовтар əулетінің патшалық ету кезеңімен байла нысты.
1649 жылы Земстволық шіркеу Шіркеу жинағын қабылдады, өз кезегінде ол нотариалдық институттың дамуындағы дəуiрдi құрды. Ол оған дейін пайда болған жеке үзбелi жарлықтарды ретке салып жүйеледi, 1832 жылғы заңда қабылданған мүліктік құқыққа қатаң тəртіп күшейту негізін қалады. Бірінші Петр кезеңінде барлық нотариалдық қызметтерді өткiзуді ықшамдауға бағытталған реформалар жүргізілді, дегенмен, 18 олар іске аспады.Сол уақытта заңдық алқа мекемелері пайда болды, оларға бас кеңселердің қызметін қадағалайтын мүмкіндікті бекітті. Нотариаттың қалыптасуының келесi кезеңі ІІ Екатеринаның патшалық етуімен байланысты. 1775 жылы əділеттік алқаларды қысқартуға байланысты, бірлескен əділет департаменті жəне вотчиналық алқа болып табылатын басыбайлы актілердi iске асыру азаматтық соттың палатасына тапсырылды. 1781 жылдан тек қана сауда мəмiлесi жəне делдалдықтардың əртүрлi тегi үшiн делдалдар жəне нотариустар бекітілді.
ІІ Ека теринаның басқару кезеңінде Жаңа жинаққа сəйкес əртүрлi жеке құқықтық актілердiң дұрыс жəне заңды iске асыруын, құжаттардың құрастыруын, ауыртпашылықтан босатылған бақылаушы өкілдер үшін басыбайлы реттің іске асырылуын қадағалайтын нотариалдық сипаттық үкiмет мекемелерi көптеп пайда болды.
ІІ Александрдың Ресейдің қоғамдық жəне мемлекеттік өмірінің барлық салаларын қамтыған реформалық кезеңінде нотариалдық іс те өзгертілді. ІІ Александр патшаның жаңа Сот жарғыларымен бiрге, нотариалдық абырой туралы ереже құрастырылды, оған Ба тыс Еуропаның үш нотариалдық: 1813 жылғы француздық, 1845 жылғы австриялық жəне 1861 жылғы бавариялық заңнамасы негізге алынды. Ал Қазақстанда, бұл кезеңде əдет-ғұрыптық құқықтық норма лар мен ережелер жойылып, би соттары қолданыстан алынып, жаңа басқару жүйесі қалыптаса бастады.
XIX ғасырдың ортасына дейін империяның көптеген аймақта рында нотариаттық қызметті заңдық реттеу мен ұйым дастыру мəселелері өзекті болып табылмады. Бұл сол кезеңдегі азаматтық айналымдағы істердің шынайы мəмілелермен шектелгендіктен, ерек ше заңдық рəсімдеуді қажет етпеуімен байланысты болды.
Азаматтық айналым барысында азаматтар арасында туындауы мүмкін даулар көп уақыт бойы дəстүрлі жолмен шешім тауып, бұл əрекет барысында қолданылған заңдық шешім нысандарымен жасалды. Алайда, XIX ғасырдың 70 жылдарында Түркістан өлкесі айма ғында азаматтық айналым барысында туындаған қатынастар ерекше реттеуді қажет етті. Оған империя аймағының шеткері жақтарында азаматтық-құқықтық мəмілелерге қатысушыларды құқықтық қорғауға қатысты бірыңғай ережелер қалаптаса бастауы себеп бол ды. Бұл үдеріске жергілікті халық өкілдері де барған сайын көбірек 19 қатыса бастады. Оған өндірістің дамуы, көші-қон үдерістері, шаруа халықтың басым бөлігінің қоныс аударуы, сауданың дамуы да себеп болды. Бұл үдерістердің барлығы қоғамдық қатынастардың ішінде барлық уақытта маңызды болып келген меншік қатынастарын қалыптастыруға ықпал етті. Октябрь төңкерісінің (1917 ж.) алғашқы кезеңінде уездер де бітімгер судьяларға нотариаттық қызмет көрсету уəкілеттігі берілді. Нотариаттық əрекеттерді жүзеге асыру бойынша олардың қызметтері барлық уездік қалалар мен ауылдарға таралды, ал но тариустар болмаған жағдайда аға нотариус міндеттерін соттың бір мүшесі атқарды.
XIX ғасырдың 60-жылдарынан басталған патшалық Ресейдегі нотариаттық қызметтерге байланысты реформалар ұлттық, гео графиялық жəне өзге ерекшеліктеріне орай бір мезгілде аяқ талмады. Олар мемлекеттік қазынадан белгілі бір қаржылық шы ғын дарды, əдеттегі жағдайдан ерекше, жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын білікті заңгерлерді қажет етті. Осының барлығы патша əкімшілігін болашаққа бағытталған ұзақ жəне мақсатты жұмыс істеуге мəжбүрледі. Кеңестік кезеңде нотариаттың жаңа кезеңі басталды.
Отандық нотариат тарихына қатысты еңбегінде К. Исламова келесі тарихи хронологияны келтіреді. 1921 жылы «Нотариат туралы» Ережені енгізу Декреті мен нотариаттық столдарды тарату туралы Декрет қабылданды, бірақ 1923 жылы «Мемлекеттік нотариат туралы» Ереже енгізілді де, «Нотариаттық кеңселерді тарату туралы» Декрет алынып тастал ды. Ұзақ уақыт бойы бұл Ереженің осы баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жүрді. 1936 жылдың 10 маусым күні РСФСР БОАК жəне ХККҒ «Нотариаттық органдарды қайта құру туралы» қаулысымен қалалық жəне кеңестік, сондай-ақ аудандық атқару комитеттерінің қарауынан нотариаттық қызметтер алынып, олар нотариаттық кеңселерге топ тастырылды. Барлық аудандық, қалалық орталықтарда нотариустар бас қара тын мемлекеттік нотариаттық кеңселер ұйымдастырылды.
«КСРО, одақтас жəне автономды республикалардағы соттық құрылымдар туралы» Заң жарық көргенге дейін, яғни нотариаттық органдар жоқ жерлерде, ол қызметтер халықтық соттарға жүктелді. Қазақ КСР Кеңестік Халық Комиссарлар Комитетінің 1940 20 жылғы 20 сəуірдегі «Нотариаттық кеңселер жүйесін бекіту туралы» қаулысымен 1940 жылға 120 қалалық жəне аудандық нотариаттық кеңселер тізімі нормативтік негізде анықталды. 1974 жылы 13 тамызда Қазақ КСР-нің «Мемлекеттік нотари ат туралы» Заңы қабылданды. Ол барынша орталықтандырылған деңгейдегі алғашқы нормативтік акт еді, себебі бірыңғай одақтас мемлекет құрамында болған республиканың заңы болатын. Оның қолданыстағы мерзімінде Қазақстанның барлық аймақтарында осы саланы маман заңгерлермен қамтамасыз ету ісі тəртіпке келтірілді, нотариаттық тəжірибе жəне оны қалыптастыруға мемлекеттік бақылау жүргізілді. Нотариаттық органдарға қатысты ұйымдастыру жəне басқару қызметтері Əділет министрлігі мен оның жергілікті органдарында заңды негізде бекітілді.
Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.

  • мәмілелерді куәландыру;

  • мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;

  • азаматтың тірі екендігін куәландыру;

  • құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;

  • жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;

  • атқарушы жазбалар жасау;

  • құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді.

Нотариат куәландырған шарт — мүдделі жақтың өз құқығын дәлелдеуін жеңілдетеді, өйткені шарттың нотариус ресми түрде белгілеп берген мазмұны, мәмілеге қатысушылардың қойған қолдарының ақиқаттылығы, мәміле жасаған жері (орны), уақыты, өзге де жағдайлар нақты және бұлтартқысыз түпқұжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы нотариат-құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге-де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқтары мен заңды мүдделнрін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. Заңмен белгіленген жағдайлармен шектерде натариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

  • мемлекеттік натариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотатиустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);

  • жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар;

  • Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;

  • Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар;

Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар натариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нармативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтінхалықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді.
Нотраиус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс -әрекеттерінің құпиясын сақтауға міндетті.
Натариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотаріус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана бері леді.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойыеша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотаріат палаталарына бері леді.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотаріус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарға өзгеше белгіленсе, өсиет Беруні өлгеннен кейін ғана бері леді.
ҚР-ғы нотариат - жоғарғы заң білімі және әдетт заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке натариус сынағынан өткен, Әділет білктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия бола алады.
Жекеше және мемлекеттк нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі асырған кездегі құқықтары, міндеттерітең болады. Олар ресімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Нотариат даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды. Нотариат куәландырған шарт — мүдделі жақтың өз құқығын дәлелдеуін жеңілдетеді, өйткені шарттың нотариус ресми түрде белгілеп берген мазмұны, мәмілеге қатысушылардың қойған қолдарының ақиқаттылығы, мәміле жасаған жері (орны), уақыты, өзге де жағдайлар нақты және бұлтартқысыз түпқұжат болып табылады. «Нотариат саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру мәселелеріне қатысты төрағаның орынбасары нотариаттың қазіргі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдары «Нотариат туралы» заңда бекітілгенін атап өтті.
Нотариаттың даму жолдарын, оның ішінде жеке нотариустердің қызметін енгізетін және нотариатты ұйымдастыру және оның кәсіби қызметін іске асыратын орган құруды көздейтін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құқықтық реформа туралы» экс Президенттің Қаулысы Қазақстанға жеке нотариатты енгізудің негізі болды», - делінген хабарламада. «Нарықтық қатынастардың жедел дамуы жылдам және сапалы құқықтық көмек секілді жеке нотариат институтының енгізілуі де уақыттың талабы болды», - деді Қ.Ищанов және ол нотариат жүйесіндегі қазір орын алып отырған күрделі мәселелерді одан әрі зерделеу және олқылықтарды жою қажеттігі туралы айтты.
«Нотариатқа жүктелген міндеттерді толыққанды орындауды қамтамасыз ететін қажетті заңнамалық базаны жасау жөнінде елеулі жұмыстар атқарылды» сонымен бірге ол нотариат қызметі мен өндірісі саласындағы айқындалған проблемалық мәселелердің бар екенін, атап айтқанда ол мәселелерді шешудің қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ нотариаттық іс-қимылды іске асыру аясында нотариустың жаңа міндеті – медиатор болуды енгізу, жеке нотариустердің орталықтандырылған мұрағаттарын жинау және сақтау, сондай-ақ нотариус көмекшісінің рөлі мен мәртебесін көтеру секілді нотариаттың өзекті мәселелерін қарау қажеттігіне назар аударды.
Нотариат қызметі

  • мәмілелерді куәландыру;

  • мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;

  • азаматтың тірі екендігін куәландыру;

  • құжаттардың түсіру уақытын куәландыру.

2 Нотариустың көмкешілерімен тағылымдамадан өтушілердің құқықтары және міндеттері


Тағылымыдан өту Республикалық нотариаттық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министірінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даяарлаудың бірінғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Заңгер мамандығы бойынша кемінде 5-жыл өткен. Бір нотариустан бір мезгілде екіден аспайтын тағылмадмашы өте алады. Тағылымдаманың ұзақтылығы 3-айдан кем болмауы керек.



  • Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы

мүмкін.

  • Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола

алады. 

  • Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста

еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады.

  • Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары

нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады. 

  • Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі

бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді. 

  • Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам

нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады. 

  • Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және

жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттық іс жүргізу бойынша көмекші сипатта болуы мүмкін тапсырмаларын орындауға құқылы.

  • Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық

құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ.

  • Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына

кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіптік білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өту мақсаты болып табылады. 

  • Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші

тағылымдамадан өте алады. 

  • Тағылымдамадан өту нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің

тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқық тары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы инсти туттарды одан əрі жетілдіруді талап етеді.
Адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау 22 жүйесіндегі маңызды тетігі Адам құқықтары жөніндегі уəкіл инсти туты болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау институтын құру Қазақстандағы демократияның дамуындағы үлкен қадам бол ды. Осы институт қызметінің нəтижелігін арттыру мəселесін қарау керектігін тəжірибе көрсетіп отыр. Құқық қорғау институттары жүйесіндегі жетекші рөлге азаматтарға заңгерлік көмек көрсету жүйесінің негізі болып табы латын нотариат ие.
Азаматтардың білікті заңгерлік көмек алуға конституциялық құқығын іске асыру əділ сот төрелігіне қол жеткізудің шарты мен кепілі болып табылады. Осы құқықтың іске асырылу тетіктері жетілдіруді қажет етеді. Заңгерлік көмек көрсету жүйесінің өзі де жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен, табыс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту қажет. Маңызды міндеттердің бірі – нотариат қызметінің жүйесін жетілдіру.
Нотариаттың азаматтық айналымдағы қатынастардың қосымша тұрақтылығын жəне заңдық қауіпсіздігін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық инфрақұрылымның бір бөлігі ретіндегі рөлін нормативтік-құқықтық айқындау қажет. Нотариаттың ұлттық моделі нотариаттың көмегіне барлық ел аумағында қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. Қазақстан Республикасындағы нотариат – құқықтар мен фактілерді куəландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-əрекеттерді жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариат міндеттерін нотариус орындайды. Ол: 1. ҚР Нотариат қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сəйкес нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға; 2. Азаматтарға жəне заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы болдырмау үшін, жасалған нотариаттық іс əрекеттерінің салдары жөнінде ескертуге; 3. Кəсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мəліметтерді құпия ұстауға; 4. ҚР-ның заңдарына сəйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс əрекеттер жасаудан бас тартуға; 5. Кəсіптік əдепті сақтауға; 6. Əділет органына жəне нотариаттық палатаға өз іс-əрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-əрекеттер ту ралы мəліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кəсіптік əдеп талаптарын сақтамау мəселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.
Нотариус сотта немесе басқа құзіретті органда іс туындаған жағдайда, егер кейіннен дəлелдемелерді табыс ету мүмкін емес не месе қиын болады деп топшылауға негіз болса, мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша қажетті дəлелдемелерді қамтамасыз етеді. Нотари ус мүдделі тұлғалар өзіне өтініш жасаған кезде соттың немесе басқа құзіретті органның қарауында жатқан іс бойынша дəлелдемелерді қамтамасыз етпейді.
Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын негізгі белгі болып, оның юрисдикциялық, құқық қорғаушы қызметі табыла ды. Бір жағынан, бұл қызмет Əділет министрлігінің құқықтық қорғау мен заң қызметін ұйымдастырудың жалғасы болып табы лады. Өйткені мемлекеттік жəне жеке нотариустар реестрін ҚР Əділет министрлігі жүргізеді. Екінші жағынан, нотариат пен сот азаматтық айналымдағы бастапқы жəне кейінгі бақылауда бірдей қызмет атқарады. Сондықтан да, олардың қызметі тығыз байланысты. Сот нотариаттық қызметке арыздар мен одан бас тарту арыздарын қарастырса, нотариаттық актілер сотта немесе арбитраждық сотта қаралады. Бірақ кейбір қызметтерді жасаған кезде нотариаттық ор ган сот сияқты: АПК нормаларын қолданады. Нотариаттық қызметтің пəніне құқықтар мен фактілерді шоғырландыру жəне жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде пайда болатын қатынастар жатады. Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, “Нота риат туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі заңынан жəне Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады. Азаматтардың заңды мүдделері мен субъективтік құқықтарын қорғауды ұйымдастыру қызметін ҚР-да құрамына нотариат та кіретін органдар жүйесі атқарады. Оған, біріншіден, мемлекеттік нотариаттың кеңселері мен жеке практикамен айналысушы нота риустар, нотариаттың іс-əрекет жасауға уəкілетті атқарушы билік органдарының лауазымды тұлғалары, ҚР консулдық мекемелердің 24 лауазымды тұлғалары, бас дəрігер, қарттар мен мүгедектер үйінің бастығы, нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілетті əскери мекемелердің басшылары кіреді. Нарықтық экономикалық қатынастарға өту мен кəсіпкерліктің дамуына, меншік нысанының алуан түрлілігіне байланысты нотари ат реформасы қажет болды. Сол себептен 1997 жылы 14 шілдеде “Нотариат туралы” заң қабылданды. Бұл реформаның нəтижесінде экономикалық кеңістікте 2: біріншісі – мемлекеттік кеңседегі нотариус, екіншісі – жеке практикамен айналысушы нотариус қызмет ететін болды. Олардың айырмашылығы мынада: мемлекеттік нотариус нотариаттық қызмет үшін түсетін пайданы мемлекетке береді де, ол үшін нақты жалақы алады, ал жеке практикамен айналысатын нота риус барлық ақшаны өзіне алады (салық пен заңда көзделген басқа жағдайларды қоспағанда). Нотариаттың азаматтық қоғамдағы маңызы өте зор. Нотариус тар адамдарға толық меншік иесі болуына көмектеседі, құқықтық тəртіптің орнауына белсенді қатысады. Шынымен де, қазіргі кездегі жаңа меншік құқықтық қатынастарының пайда болуына байланы сты көптеген азаматтар нотариустың көмегіне жүгінеді. Өйткені нотариус заңды тұлғалар мен азаматтардың заңды мүдделері мен сөзсіз құқықтарының кепілі болып табылады. Нотариат – мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде қаралады. Бұл жүйеге ҚР Əділет министрлігі, мемлекеттік нотариустар, жеке практикамен айналысушы нотариустар, консулдық мекемелер мен атқарушы биліктің лауазымды тұлғалары жəне ерекше жағдайда нотариаттық іс-əрекеттер жасауға өзге де уəкілетті лауазымды тұлғалар кіреді.
Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және онда нотариустың кәсіби және әдеп нормаларын зерделеуді, нотариустар үшін немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білім алуына, нотариаттық әрекеттерді жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесі қамтылуға тиіс.

3 Қазақстан Республикасының нотариус заңнамасының жетілдіру жолдары


Нотариаттық қайнар көздері ұлттық-құқықтық нормаларда ерекше орын алады.


Нотариаттың қайнар көздері – азаматтық-құқық қатынастарының субъектілерімен қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларының құқықтық нысан ретіндегі көрінісі. Нотариаттың қайнар көздер терминінің негізгі түсінігі заңды түрде субъектілерге қарым-қатынас тəртібін бекіту. Қайнар көз ретінде саналу үшін, əр нысан бірнеше факторларға, белгілерге ие болуы керек.
Латын тілінен аударғанда норма сөзі (латын. norma) – міндетті деп танылған заңдастырылған заң, тəртіп, құрылым деген мағынаны білдіреді. Кейбір құқықтық нормалардың мазмұны мен əрекет ету тетігі құқықтық емес нормалармен ұқсас болады.
Заң əдебиетінде көптеген авторлар əкімшілік құқығының қайнар көздері ретінде негізгі 6 нысанын атап өтеді, олар:
1. Нормативті актілер.
2. Құқықтық салт-дəстүр.
3. Сот прецеденті.
4. Шарт
5. Сот тəжірибесін жалпылау.
6. Ғылыми құқықтық доктрина.

  • Нормативтік құқықтық актілер – референдумда қабылданған өкілетті

орган немесе мемлекеттік лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік акт – қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы. Құқық нормасы (құқықтық норма) – нормативтік кұқықтық актіде тұжырымдалған, көп мəрте қолдануға арналған жəне нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.

  • Құқықтық салт-дəстүр деп қоғамдағы мемлекеттік билікке тəуелсіз

пайда болған тəртіптер жиынтығын айтуға болады, сонымен қатар оның мемлекет пен құқықтың даму тарихында алатын орны ерекше. Бүгінгі күні ол қайтадан кеңінен тарауда. 1994 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабында азаматтық құкықтың қайнар көзі ретінде салт-дəстүр танылады деп көрсетілген.

  • Сот прецеденті деп белгілі бір іс бойынша сот қабылдаған шешімнің

тура сондай істерге қолданылуын айтуымызға болады. Сот прецеденті əкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксон құқық жүйесінде кеңінен қоданылады. Бірақ құқықтың аталған қайнар көзі Қазақстанның құқық жүйесіне тəн емес.

  • Шарт – екі немесе одан да көп субъектілердің арасындағы келісім.

Құрамымінез-құлық ережелерінен тұрадыжəне тек қана осы субьектілер үшін ғана міндетті. Шарт құқықтың қайнар көздерінің барлық талаптарына сай келеді.

  • Сот тəжірибесін жалпылау немесе талдап қорыту – бұл бірдей жəне

көптеген нормалардың қатынасының нəтижесінде шығатын нақты істі шешу барысында пайда болған құқықтық жағдай. Соттық тəжірибені жалпылау, егер республиканың Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысымен қаралса құқықтың қайнар қайпар көзі болып табылады, сонымен қатар құқық қабылдау жəне құқықтық шығармашлық кызметінде зор рөл атқарады.

  • Ғылыми-құқықтық доктрина — құқық жəне құқық ғылымы

саласындағы пайда болған қағидалар мен көзқарастар жүйесі. Құқықтық доктринаның негізгі жағдайларымен байланысты мыналар іске асады:
- құқықтық əрекет;
- құқықтық нормаларды қолдану процесінде заң нормаларын талқылау;
- құқықтағы кемшіліктерді толықтыру.
Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтың қайнар көзі функциясын атқарады, алайда оны бірқатар жағдайларға байланысты нотариаттық қызмет атқарудағы қайнар көзі қатарына жатқызуға да болмайды. Біріншіден, ғылыми доктринада нақты іс-əрекет тəртібіне сілтеме табу қиын, бұл оны күнделікті əрекетте қолдануды қиындатады. Екіншіден, ғылыми доктрина мемлекеттік билікпен арнайы қайнар көз ретінде қабылданбайды, сондықтан оның, шығарған шешімдерінің негізгі арнайы құқықтың қайнар көзіне сілтемесіз заңды күші болмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы қабылданған болатын. Конституция нотариаттың қайнар көздерінің ішінде үлкен орын алады. Конституция құқық негізін құрайды, сонымен қатар барлық азаматтық, құқықтық элементтерінің бағынуын қадағалайды. Президент, Парламент актілері негізінен Конституцияға сүйеніп қабылданады. Олардан басқа азаматтық құқықтың қайнар көздеріне тағы да ведомствалардың, министрліктердің қаулылары да жатады.
Нарықтық экономиканың құқықтық негізін құрайтын түйінді заңдардың бірі – Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 14 шілдесінде қабылданған «Нотариат туралы» Заңы. Бұл заң нотариаттың құрылымдық негізінің өзгеруін ескере отырып, мемлекеттік нотариатпен қатар жекеменшік нотариаттардың пайда болатынын айқындады. Сонымен қатар нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан жəне Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық іс-əрекеттерді жүргізу заңдар мен нормативтік құқықтық актілермен бірге Нұсқаулықтарға, Ережелерге негізделеді. Оған Қазақстан Республикасы нотариустарының нотариаттық іс-əрекеттерді жасау тəртібі туралы, Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-қағаздарынжүргізужөніндегі, Қазақстан Республикасы нотариустарының депозиттік операцияларға есеп жүргізу тəртібі туралы нұсқаулықтары, Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы, Нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар беру тəртібі туралы, Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы, т.б. ережелері кіреді.
Нотариат құқық қорғау органдарының жүйесінде сотпен тығыз байланысты. Нотариат та, сот та азаматтық айналымның заңдылығына алдын ала жəне кейінгі бақылау бойынша бірдей функцияны жүзеге асырады. Нотариаттың куəландырушы қызметі шешілуі нотариаттың құзыретіне жататын құқық туралы даулардың пайда болуының алдын алады. Нотариат органы даусыз фактілерді куəландырады. Олардың бар екендігіне нотариат органы тікелей не сəйкес құжаттардың негізінде көз жеткізе алады. Егер қандай да бір заңды фактіні растайтын құжаттар жоқ болса, оны сот ерекше іс жүргізу тəртібімен анықтауымүмкін. Сот нотариаттық іс-əрекеттерді немесе олардыжасаудан бас тартуға берілетін шағымдардықарайды, кейбір əрекеттерді жасау кезінде нотариат органы сот тəрізді ҚР АПК-нің нормаларын басшылыққа алады. Сотқа қарағанда, нотариат азаматтық құқықтардың заңды бекітілуіне жəне олардың болашақта бұзылу мүмкіндігінің алдын алуға бағытталған функцияны орындайды, яғни нотариаттың қызметі ескертуші сипатқа ие.
Нотариаттық қызметтің соттық қызметтен айырмашылығы талассыз істер, материалдық (көбіне, азаматтық) құқықтық даулар болып табылады. Мысалы, марқұмның артынан қалған дүниесіне мұрагерлер арасында дау болса, ондай дау сотта шешіледі.
Нотариустар нотариалдық іс-əрекеттерін заң негiзiнде, заңмен белгiленген ретте жасалады. Нотариат органдары өз қызметтерiн жүзеге асыруда мүдделi тұлғалармен құқықтық қатынастарға кiредi. Нақтылы шарттар болған жағдайда нотариус өз құзыретінде атқару тиіс, ал оған жүгінген тұлғалар шарттардың орындалуын талап етуге құқылы. Басқа жағынан нотариус мүдделі тұлғалардан оларды куəландыратын қажетті мəліметтермен мен құжаттарды, құқыққа қабiлеттiлiк жəне қылмыс жасай алатындық туралы мəлiметтерді талап етуіне, сонымен бірге нотариалды іс орындалатын орынға олардың дербес қатысуын талап етуіне құқығы бар. Қатысушы тұлғалар нотариалдық қызметте нотариус талаптарын орындауы керек, оларды орындамау нотариустың норатиалдық əрекеттерді орындамауына заңды мүмкіндік береді.
Жеке жəне заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-əрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік беріледі. Нотариус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс-əрекеттердің құпиясын сақтауға міндетті. Нотариаттық іс-əрекеттер туралы 7 мəліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-əрекеттер жүргізілген заңды жəне жеке тұлғаларға, не олардың уəкілетті адамдарына ғана беріледі.
Нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу жəне анықтау органдарының өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ əділет органдарына жəне нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уəкілдік берілген нотариат палаталарына беріледі.
Жасалған нотариаттық іс-əрекет туралы мəліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңға сəйкес жауап береді. Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар жəне лауазымды адамдар нотариаттық іс-əрекеттер жасауға қажетті мəліметтер мен құжаттарды нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей оған табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мəліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңда өзгеше белгіленбесе, өсиет беруші өлгеннен кейін ғана беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет