Нотариалдық қызметтің принциптері.
Принцип (principum) – латын тілінен аударғанда «негіз», «негізін қалаушы бастау» деген ұғымды білдіреді.
Принциптер – құқықтың объективтік сипаты, қоғам дамуының заңдылықтары мен қажеттіліктерінің көрінісі болып табылады.
Ф. Энгельс «Анти-Дюрингте» принциптер жөнінде былай деп жазған болатын: «Принциптер табиғатқа жəне тарихқа сəйкес келетіндіктен ғана шынайы болып табылады».
Қазақстандық зерттеуші К. К. Айтхожин өзінің «Қазақстан Республикасының Конституциясының принциптері туралы» деген ғылыми мақаласында Конституция теориясының өзекті проблемаларының қатарына «принциптер категориясы мен жүйесін» жатқызады. Оның пайымдауынша, бұл қарапайым термин болғанымен, кез келген құқық саласында туындайтын нормалардың мəнін шынайы айқындап түсіндіруде ең маңызды ұғым болып табылады.
«Принцип» ұғымы философия ғылымында субъективтік мағынада негізгі ереже, алғышарт (ойлау принципі) ретінде түсіндірілсе, объективтік мағынада қайнар көз, алғашқы бастау (шынайы принцип, болмыс принципі) деп түсіндіріледі.
Нотариалдық қызметiнiң принциптері бастапқы негіз сияқты нотариат қызметінде азаматтық құқықтық қатынастарының нысананы көздейтiн реттеулерiн қамтамасыз етедi.
Ең алдымен, нотариалдық қызметтiң прициптері Қазақстан Республикасының азаматтық кодексiнің 2 бабында бекiтiлген принцип негiзінде реттеледi:
азаматтық заң қатынастарымен реттелетін қатысушылардың теңдік
приципі (азаматтық құқықтың барлық субъектілерi тең құқықтарға ие болатын жəне олардың ешқайсысы артықшылыққа ие бола алмайтынын білдіреді);
меншікке ешкімнің тиіспеуінің приципі (мемлекет меншік иелеріне
иелiк бойынша өкiлеттiктердiң iске асыруының мүмкiндiгiне, пайдалану жəне ұйғарымға, оларға тиесілі дүниемен толық мəнде ҚР Конституциясының 26-бап, 3-пунктіне сəйкес ешкім өз мүліктен сот шешiмiне басқа жағдайда айырыла алмайтынын білдіреді);
дəрежеде өз қалауларымен анықтауға құқылы, бірақ келiсiмшарттың еркiндiгі абсолюттi болып табылмайды, сондықтан келісімшарттың мазмұнын анықтауда келiсiмшарт тараптарының нормативтiк актi жəне қарастырулары ұтымды байланысқа жетуі керектігін білдіреді);
жеке істерге өзге тұлғалардың араласуы рұқсат етілмейтін прицип
(мемлекеттік құрылымдар, олардың лауазымды тұлғалары жəне кез келген басқа тұлғалар нотариустардың жеке iсiне араласуға құқығы жоқтығын білдіреді);
азаматтық құқықтардың кедергісіз орындалу принципі (азаматтық
құқықтық қатынастың субъектілерi өз құқықтарын толық көлемде жəне қандай да шектеулерсіз жүзеге асырады, бастысы басқа тұлғалардың мүдделері мен құқықтарына нұқсан келтірмеуін білдіреді);
азаматтық құқықтың бұзылғанын қалпына келтiрудi қамтамасыз ету
приципі (оның мəні, қойылған азаматтық құқық бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіруге кепілдік беретіндігінде);
азаматтық құқықты соттық қорғау принципі (оның мəні азаматтық
құқықтық қатынастардың субъектісі өз құқықтар мен заңдық мүдделерін сот арқылы қорғауға құқығы бар екендігінде).
Бұдан басқа, нотариустардың қызметiне тiкелей, қағидалар негізіне сүйенетін, нотариалдық органдардың қызметiнiң өте маңызды көрсеткіштерін көрсететін жəне құқықтық нормаларда бекітілген қағидалар қатары бар:
- нотариалдық қызметтiң заңдылығы, нотариус өз міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын нақты жəне бұлжытпастан орындауы тиіс екенін білдіреді;
- нотариалдық қызметтің іске асырылуына көңіл бөлген жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау;
- іс жүргізуді мемлекет тілінде немесе ҚР-ның «Тілдер туралы» заңында белгіленген тілде жүргізу;
- жасалатын нотариалдық қызметтің сырын сақтау.
Нотариустың қызметi үшiн маңыздысы дұрыс жəне тез істі шешетін iс жүргiзу нормасы болады. ҚР заңнамасында алдын ала қарастырылған жəне бекітілген ережелердiң нотариалдық қызметтің iске асырулары кезінде нотариалдық органдар қызметiнiң заңдылық жəне реттiк əсерлерін қамтамасыз етедi.
Жалпыға ортақ қағидалардан бөлек, ҚР заңнамасында нотариалдық қағидалардың орындалуына бағытталған басқа да принциптер қарастырылған.
Құқық принципі дегеніміз – белгілі бір қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси даму заңдылықтарының ерекше құқықтық көрінісі. Құқық теориясының ережелеріне сүйенсек, құқықтық ғылымда принциптердің екі түрі бар:
1. жалпықұқықтық (жалпысалалық) принциптер;
2. арнайы (салалық) принциптер.
В. Гуреевтің тұжырымдауынша, «жалпықұқықтық» (жалпысалалық) принциптер барлық құқық салаларында көрініс тауып, бекітілген. Атап айтқанда, ол принциптер азаматтық, əкімшілік, еңбек, қаржы, қылмыстық жəне т.б. құқық салаларына тəн. Ондай принциптер қатарына заңдылық, заңның кері күшін жоққа шығару жатады.
Ал арнайы (салалық) принциптер дегеніміз – нақты құқық саласына тəн принциптер.
Осы ұстанымға орай нотариаттың түсінігі жəне атқаратын қызметіне байланысты қолданыстағы заңнамамен нотариаттық қызметтің төмендегі принциптері анықталған.