1Қазақстан Республикасындағы нотариат



бет3/4
Дата10.11.2023
өлшемі60,4 Kb.
#190720
1   2   3   4
Байланысты:
Аружан (1)

Тəуелсіздік жəне заңға бағыну принципі.
Аталған принцип ҚР «Нотариат туралы» Заңының 3-бабында бекітілген. Нотариустар мен нотариаттық іс-əрекеттер жасауға 10 уəкілетті басқа да адамдар нотариаттық іс-əрекеттер жасағанда тəуелсіз болады жəне олар тек қана заңға бағынады. Конституция ережелеріне негізделген бұл салалық принципке сəйкес, өз іс-əрекеттерін жасау барысында нотариустар өздеріне өтініш білдірген азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды сақтауын талап етіп, заңға қайшы келетін əрекеттерді жасауға қарсылық білдірулері тиіс. Нотариустар заң талаптарын бұзу жəне нотариаттық іс-əрекеттер жасау ережелерін бұзу арқылы рəсімделген құжаттарды қабылдамаулары қажет.
Жасалған нотариаттық іс-əрекеттердің құпиясын сақтау принципі
Аталған принципті жүзеге асыру үшін нотариат туралы заңнамамен нотариусқа жəне нотариаттық іс-əрекеттер жасауға уəкілетті басқа да адамдарға жасалған нотариаттық іс-əрекеттердің құпиясын сақтау міндеттемесі жүктеледі. Заңдық мəні бар іс-əрекеттер құпиялығын сақтау туралы нормативтік талап көптеген құқық салаларының ережелерінде бар. Мысалы, белгілі мəліметтер құпиясын сақтауға сенім білдірілген тұлғалар асырап алу құпиясын сақтаулары тиіс (судьялар, АХАЖ органдарының қызметкерлері, босану жəне балалар үйлерінің қызметкерлері). Тергеу құпиясын сақтау тергеу органдарының қызметкерлері мен іске қатысушы тұлғаларға таралады, процеске қатысушылардың жеке өмірінің құпиясы қылмыстық жəне азаматтық істер жүргізуде, əкесін анықтауға байланысты істер жүргізуде қамтамасыз етілуі тиіс.
Неке-отбасылық, қылмыстық ісжүргізужəне азаматтық ісжүргізу заңнамасында жоғарыда аталған тұлғалардың қатарына нотариустар да кіреді, себебі нотариаттық тəртіппен рəсімделген құжаттар қылмыстық жəне азаматтық істер материалдарында дəлелдемелік немесе өзге де қажетті ақпараттар ретінде қоса қолданылады.
Бұрын берілген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары жеке жəне заңды тұлғаларға олардың тек өздерінің тапсырыс беруі негізінде ғана берілетіндігі салалық (нотариаттық) заңнамамен белгіленген.
Сонымен қатар ондай құжаттар олардың уəкілеттік білдірген тұлғаларына да берілуі мүмкін.
Нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтер соттың, тергеу жəне алдын ала тергеу органдарының өз өндірісіндегі істер бойынша жазбаша талабы негізінде беріледі, прокуратура органдарына, əділет органдарына жəне нотариаттық палаталарға нотариустар қызметін тексеру уəкілеттілігі берілген органдарға жазбаша талап негізінде ғана беріледі.
Нотариаттық іс-əрекеттер құпиясын сақтауды қамтамасыз ету нотариус ретінде қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қатысты. Ал жасалған нотариаттық іс-əрекеттер туралы əдейілеп мəлімет таратқан тұлғалар заңнамаға сəйкес жауапкершілікке тартылады.
Нотариус іс-əрекеттеріндегі аталған принцип азаматтар мен заңды тұлғалар үшін нормативтік кепілдік болып табылады. Олардың жеке істері мен олар үшін маңызды коммерциялық немесе басқа да ақпарат ешқайда таратылмай, болашақта да құпия күйінде қалады.
Объективтілік (шынайылық) принципі
Нотариус басшылыққа алуы тиіс бұл принцип сот өндірісінде де бар. Нотариус қызметінде бұл принципке сəйкес, өзі куəландыратын кез келген нотариаттық іс-əрекеттерге қатысты оның жеке қызығушылық мүддесі орын алмауы тиіс.
Бұл принципті қамтамасыз ету үшін ҚР «Нотариат туралы» заңнамасымен (Нотариат туралы Заңның 19-бабы) төмендегідей шектеулер қойылған:
Нотариустың:
- кəсіпкерлік қызметпен айналысуға;
- делдалдық қызмет көрсетуге;
- өкілді органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус міндеттерін орындауға, жалданған жұмысшы ретінде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.
Объективтілік принципі сонымен қатар ҚР «Нотариат туралы» Заңының 46-бабында бекітілген шектеулермен қамтамасыз етіледі. Бұл бапқа сəйкес нотариус жəне басқа жергілікті атқару органдарының лауазымды адамдары өз атына жəне өз атынан, өз жұбайының, оның жəне өз туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-сіңлілері, немерелері, атасы, əжесі) атына жəне олардың атынан нотариаттық іс-əрекеттер жасауға құқығы жоқ.
Нотариус өз қызметінде жеке бас пайдасын ойламай, өз мүддесін ғана көздемей заңға сəйкес, объективті жəне негізді əрекет етуі тиіс. Ол жеке жəне заңды тұлғаларға олардың заңды құқықтарын жүзеге асыру мен қорғауға ықпал етіп, өзіне өтініш білдірген тұлғаларға олардың заңды құқықтарын жүзеге асыру мен қорғауға ықпал етіп, өзіне өтініш білдірген тұлғаларға заңды білмеуі себебінен оның өзіне қарсы əсер етпеуі үшін ол жасаған нотариаттық іс-əрекеттердің құқықтық салдары туралы ескерту айтуы қажет. Осы мақсатта нотариус жеке жəне заңды тұлғалардан нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға қажетті барлық мəліметтер мен құжаттарды талап етуі, ал оған жүгінген мүдделі адамдар оларды нотариусқа берулері тиіс.
Ұсынылған мəліметтер мен құжаттардың шынайылығы мен түпнұсқалығын анықтау мақсатында нотариус өз бетінше бағалау жасайды, ал қажет болған реттерде күмəнділік тудырған құжаттарды арнайы сараптамаға жіберуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет