9. Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Халқымыз « Баланы жастан» деп текке айтпаса керек. Неғұрлым еңбекке ерте бейімделген бала, соғұрлым іске епті келеді. Сондықтан балаға ойнап болған соң ойыншықтарын жинатып немесе бірге жинап, шаң сүрту, гүлге су құю секілді қарапайым іс-әрекеттерді балабақшада үйретіледі. Себебі еңбек тәрбиесі бала тәрбиесінің ең маңызды бөлігі. Еңбек баланың адамгершілігінің қалыптасуына орасан зор әсер етеді.Еңбек ету арқылы сол істерге қатысты мәліметтер мен ептілікті бойына жинақтай береді. Әрі денесі де шыныға түседі. Сондай-ақ еңбек балаларды ұйымшылдыққа, жігерлі іске, көркем шығармашылыққа, іскерлікке баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: |