Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттеріне баланың тұлғасын еңбекте тәрбиелеу және олардың еңбек іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар мектеп жасына дейінгі балалардың болашақ қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің адамзат болып өсуінің, жеке адамды адамгершілік және зиялы көзі болып табылады. Сонымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесі – мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге еңбек мәдениетін үйренуге бейімді олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтық педагогиканың негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған
Достарыңызбен бөлісу: |