1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық



бет33/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

15. Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық  жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан  екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге  бағыттауекіншіден білім берудің  әдістемелік жүйесінің әрбір  компонентінің  үйлесімділігі. Бидосов  былай деген  “Сабақтастық дегеніміз  –балабақша және мектепалды даярлық сыныбына мектептегі оқу іс-әрекетін оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен  қатынастар орнату”. Балалар білім  икемдігі мен машықтарын пайдалану  және одан әрі дамыту кезінде олардың  оқу  іс-әрекетінде әр алуан байланыстар  орнату, жаңа білім мен бұрынғы  білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, сөздік қорларын байыту”. 
      Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық. 

Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің мектепалды даярлық сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.Екінші, тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы жоғарғы топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет