1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар, олардың түрлері



бет31/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

14. Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар, олардың түрлері

Бала өмірінде есте қалатын сәттердің бірі- балалар бақшасындағы мерекелік іс-шаралар.



Мереке, ойын-сауық – балабақшадағы барлық педагогикалық ұжым қатысатын салтанатты оқиға десек артық болмас. Ол балалардың бойына қуаныш, жоғары көңілкүй сыйлайтын, ерекше сезім тудыратын шара. Мерекелердің басты тәрбиелік ықпалы- эстетикалық сезім тудыра отырып, талғам қалыптастырып, сезімдік құралдар арқылы балалардың санасына бейнелі түрде жеткізілуінде. Мерекелер балаларды қуанышқа бөлеумен қатар, жаңа біліммен қаруландырып, рухани жан-дүниесін байытып, шығармашылығын, көркемдік талғамын арттыра түсіреді. Балалар өлең айту, би билеу, кейіпкерлер бейнесінде болумен қатар тақпақтар айтып өз өнерлерін шыңдай түседі. Мерекелерге ән, би,жаттығулар мен ойындарды дұрыс таңдай отырып жоспарлау қажет. Мерекенің мазмұны балаға түсінікті болған жағдайда ғана оның жадында ерекше із қалдыра алады. Музыка жетекшісі музыка таңдауда қателеспегені жөн. Себебі балалардың икемділігі мен дағдылары әртүрлі. Белгілі бір биді немесе әнді тақырыбы үндес әртүрлі мерекелер мен ойын-сауықтарда пайдалануға болады. Негізінен мерекенің құрылымы (сценарий) оның тақырыбына байланысты құрылады. Мысалы: қоғамдық-саяси оқиғаларға арналған дәстүрлі мерекелер салтанатты бөлімнен басталады. Яғни тәрбиеленушілеріміздің мерекелік шеруінен, Әнұранның орындалуынан, келген қонақтар немесе балабақша меңгерушісінің құттықтау тілектерінен, мереке тақырыбына арналған өлеңдер оқудан тұрады. Салтанатты бөлімнен кейін концерт беріледі. Бұл бөлімде топтық және жеке өнерлері көрсетіледі. Жалпы және жеке билер, әндер орындалып, сахналау болады. Мерекенің соңында балаларға жақсы тілек айту, бата беру, сыйлық сыйлау секілді қуаныш сезімдерін күшейтетін әрекетпен аяқтайды. Мерекені өткізу уақыты мен оның ұзақтығының айтарлықтай маңызы бар. Оларды таңертеңгі уақытта өткізген абзал. Себебі, балалардың физиологиялық және психологиялық жағдайын ескеру керек. Мерекелік костюмдердің өзіне үлкен мән берілу қажет. Ол бала денесіне қонымды, қыспайтын, жеңіл, бойына сәйкес, ыңғайлы және эстетикалық талғамға сәйкес тігілген болуы қажет. Мереке асығыс дайындалмауы қажет, себебі мереке мазмұнында тәрбиелік жұмыс жатқанын ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет