1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектепке дейінгі жастағы баланың дамуы және жас кезеңдері



бет65/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

35.Мектепке дейінгі жастағы баланың дамуы және жас кезеңдері
3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді.Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының жас ерекшеліктері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет