1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі және суреттерді қабылдауы



бет76/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ
гос 1 ЖАУАПТАРЫ, 02.02.21 МТ-20-9 География 2, спирт досым, уй жумыс
42.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі және суреттерді қабылдауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында «Коммуникация» негізгі білім беру саласына кіреді. «Коммуникация»  білім беру саласының базалық мазмұны-сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. «Коммуникация»    білім беру саласының мазмұны баланың тілін дамытуды, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруды, белсенді және пассивті сөздік қорын, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін басқа білім салаларымен кіріктіру арқылы жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сөйлеу тілі –психиканың  қызметіне кіріп, адамзатты жануарлар қатарынан ажырататын ерекшеліктердің бірі. Сөйлеу тілі баланың барлық қабілетінің: қарым- қатынасқа түсу, тану, білу, меңгеру, танымдық-зерделеу және ойын әрекетінің дамуының негізі болып табылады. Бұл байланысты орнатуда баланың сөйлеу тілінің дамуының өзекті мәселесін шешуде мектепке дейінгі ұйым педагогының  әрекеті маңызды. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі міндеті –әр жас кезеңіне сәйкес қалыпты жағдайдағы сөйлеу тілінің дамуы мен ерекшелігін және коммуникативті қабілетін білу керек. Ерте жас кезеңі – баланың барлық психикалық процестерінің дамуының маңызды кезеңі болып табылады, әсіресе сөйлеу қабілеті дамуында. Баланың сөйлеу тілін дамыту ересектермен тығыз байланыс орнатудың нәтижесінде жүзеге асады. Айта кететін жағдай баланың сөйлеу тілі туа салысымен орындалатын құбылыс емес. Ол баланың физикалық-дене және ақыл-ой дамуы процесімен бірге дамиды және жалпы дамудың көрсеткіші болады.

Баламен үнемі сөйлесу керек. Сөйлесудің, сөйлеу арқылы қатынасқа түсудің болмауы баланы шаршатып, мазасыз күйге әкеледі. Бала ашуланшақ болып, өзінің көңіл-күйін айқайлау, жылау арқылы білдіреді.

Ерте жастаға баланың сөйлеу тілін дамыту мақсатында қолданылатын ойын түрлері мен жұмыстары:

-балаларға арналған өлең-шумақтар, тақпақтар, желілі-рөлді ойындар, дыбысты еліктеу арқылы айту ойыны.Бұл ойындар мен жұмыстарды орындау барысында  ересектердің сөйлеу тілі, балаға сөзді қимыл-қозғалыс негізінде қабылдап, оны қайталап айтып, сөзді естуімен ерекшеленеді.

-Желілі-рөлді, қимылды-бейнелі ойындарды ойнау барысында,баланың ересектермен эмоционалдық байланысы орнайды. Ойынды ойнау барысында бала ойынды өзі, өз еркімен ойнауды бастайды.

-Дыбысты еліктеу арқылы қайталап айту ойындарында  баланың фонематикалық есту қабілеті дамып,белгілі бір дыбысты анық айтуға дайындайды.

-Желілі-рөлді ойыншықтармен, белгілі кейіпкерлері бар ойыншықтармен ойнау баланың диалог құруына және сөздік қорының молаюына әсер етеді.

-Әдебиеттік шығармаларды оқу және ертегі айту,әңгіме, тақпақтар, жырларды, тарихи оқиғаларды айту.

-Балалар әдебиетінің иллюстративті (мазмұнды) суреттерінің құрылымын қарау, талқылау.

-Заттық және мазмұндық суреттермен ойын сабақтарын жүргізу.

-Суреттерді ересектермен қарау барысында балалар, сурет мазмұнымен киіпкерлердің атауымен танысып, қайталап айтып еске түсіреді.

Балаларға суретпен жұмысты ұйымдастырудың маңызды себебі – бала заттың атауын бейнесімен салыстырады және сәйкестендіре отырып, еске сақтайды.

-Жеңіл жұмбақтар жасыру.

-Баланың ұсақ-қол моторикасын дамытуға бағытталған ойындарын өлең шумақтары арқылы қолдың басы және саусақ қимылымен бірге орындауға болады. Қол және саусақ жаттығуларын жасау, баланың физиологиялық сөйлеу тілінің даму негізін құрайды.

Барлық аталған ойындар мен жаттығулар баланың сөйлеу тілінің дамуын жүзеге асырады. Сөйлеу тілін дамытуда педагогтардың (тәрбиешілердің) бағытын айта отырып, баланың ана тілін үйренуде мына ұстанымды айтпай кетуге болмас: «Көр – тыңда – қайтала!».

Ерте жастағы баланың есеюі барысында сөйлеу тілінде үлкен өзгерістер орын алады. Диалогтық сөйлеу тілінен монологтық сөйлеу тіліне ауысады. Диалогтық және монологтық сөйлеу дегеніміз не?

Диалог – бұл бір немесе бірнеше адамның пікірлесушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімелесуі. Диалогтық сөйлеу тілі – мағыналық жағынан монологтық сөйлеу тіліне қарағанда жеңіл. Диалогтық сөйлеу тілінде тақырыптық сөйлесу, күнделікті тұрмыстық сөйлесуді қолдану, синтаксистік құрылымы жағынан күрделі емес, айтылуы, жеткізуі жеңіл болады.      Диалогтық сөйлеу тілі – монологтық сөйлеу тілінің құрылуына негіз болады. Сөйлеу тілінің негізгі бастамасы алғашқы кезеңі – ол қарым- қатынас болып табылады. Сөйлеу тілінің құрылымы диалогтық сөйлеу тілінен басталады. Бұл кезде сөзді айтушы және тыңдаушының рөлдері үнемі ауысып отырады. Баламен ең алғаш диалог құрушы – ол әрине, үлкендер болып табылады. Бұл кезде баланы әрқашанда сұраққа жауапты айтуға, жауап беруге жетелеу керек. Баланың сөйлеуге деген ынтасын, қабілетін баланың дыбыстарды дұрыс немесе бұрыс дыбысталуына қарамастан дамытып отыру керек. Дұрыс жауап беру негізі ол мән-жайды, іс-әрекетті түсіну болып табылады.

Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:

- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Алдымызға қойған бағытымыз:

Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;

Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;

- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;

Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:

- Кеңестер беру;

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:

- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;

- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

- көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларын меңгерту;

Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:

- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;

- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларды меңгерту.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.

Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет