1.Қазақстан тарих толқынында


Жаһандық әлемдегі Қазақстан: жаңғырту дамудың басты шарты ретінде



бет12/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

13.Жаһандық әлемдегі Қазақстан: жаңғырту дамудың басты шарты ретінде.2017 жылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кірісті. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық дамыған 30 елінің қатарына кіру болып табылады.Бұл – Екінші жаңғырудың нәтижелері. Президент Жолдауында: «Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» деген жауап берілді5басымдылық атап көрстілді.Бірінші басымдық - экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту.Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік - ең басты қару. Дәуіріміздегі жаңа жаһандық қатерлерге қарсы мемлекеттің бәсекелестігін арттыру арқылы кез келген мемлекет жаңа индустрияландырудың ғаламдық үдерісіне қосыла алады. Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуБизнес, шағын және орта кәсіпкерлік - соңғы жылдары биліктің күн тәртібінде күнара талқыланатын мәселе. Шындығында, шағын кәсіпкерлігі мығым елдің шаруасы шайқалмайды. Қазақстанда тұтастай алғанда бизнес ортаны дамытуға деген қадамдар жасалды. Дегенмен, жергілікті өңірлерде кәсіпкерліктің кедергілерін ысырып тастау реформасы әлі де жалғасуда. Үшінші басымдық - қаржы секторын «қайта жаңғырту»Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесі түрлі дағдарысты бастан өткерді. Шатқаяқтаған тұсында мемлекетке арқа сүйеді. Дегенмен, бұл салада әлі де проблемалар бар екені белгілі. Ендеше ортамерзімдік перспективада еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығында қаржы секторын дамыту, оның экономиканың басты кредиторы ретіндегі міндетін қайтару басты міндет болмақ. Мемлекет біртіндеп қаржы секторын тікелей қолдау бадарламасынан кетіп, экономиканы қаржыландыруды осы сектордың өз мойнына артуы тиіс. Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсартуӘлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес. Бұл ретте жаһандық жаңа қатерлерге қарсы адами капиталды да сапалы дамыту қажет. Ал адами капиталдың өзегі - білім. Білім болашақ дамудың кепілі. Сондықтан да, Елбасы бұл басымдық бойынша білім беру жүйесінің рөлін өзгертуді меңзейді. Бесінші басымдық - қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресМемлекет басшысы 5 институттық реформа және Ұлт жоспары аясында институционалдық қайта құруларға баса назар аударған болатын. Оның ішінде мемлекеттік басқарудан бастап, сот және құқықтық жүйелерді жаңғыртуға да мейлінше мән берілді. Елбасы Жолдауында бұл басымдық аясында ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз ету міндеті жүктеліп отыр. Және бір мәселе - жекеменшікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет