1.Қазақстан тарих толқынында


Қазақстандағы саяси жаңғырту принциптері мен механизмдері



бет17/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

18.Қазақстандағы саяси жаңғырту принциптері мен механизмдері. Қазақстан ұлттық саясатының даму динамикасын қарастыру барысында, оның мына қағидаларға:егемендік пен тəуелсіздікке;қоғамдық тұрақтылық, келісімдер мен конструкциялық шешімдерді іздеуге;парасатты ұлттық-ерекше мүдделерді жүзеге асыруға;барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің экономикалық жəне мəдени дамуының тең дəрежелі мүмкіндіктері кешеніне;ұлтаралық келісімге, адамгершілікке, өзара көмекке, достық жəне өзара жəрдемдесу;ұлт құқығы мен адам құқығының үйлесіміне негізделетінін көруге болады.Кез келген мемлекеттің ұлттық саясатының басты бағыттары мен ұлттық саясат қағидаларын бекітетін, сонымен қатар ұлтаралық қатынастарды реттейтін құқықтық негізін заңнамалық нормалар мен актілердің жиынтығы құрайды.Біздің Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еліміздің негізгі функцияларының бірі ретінде этносаралық қатынастарды реттеуді белгілейді. Бұл қатынастар аясында тұрақты жəне көпжоспарлы саясат белсенді түрде жүргізілуде. Оның өз алдына Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларына сəйкес берік саяси-құқықтық негізі бар. Конституцияның Преамбуласы мынадай сөздерден басталады: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып...», — деп айқындалған. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа қазақстандық мемлекеттілікті көпұлтты Қазақстанның барлық халқының мемлекеті ретінде сақтап қалуының салтанатты түрде жарияланған құжаттық дəлелі. Бүгінде Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері, 3088 діни бірлестіктер үшін ортақ шаңырақ Ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары бар Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет ретiнде бекіте отырып, кімді де болмасын тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге тыйым салды (Конституцияның 14-б. 2-т.). Ол теңқұқылықты адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарға адамның табиғи қасиеті мен оның қоғамдық сипатына қарамастан тең ие болуын анықтайды. Адамның табиғи қасиетінде жынысы, нəсілі, ұлты көрсетілген. Адамның қоғамдық белгілері əлеуметтік шығу тегін, қызметтік жəне мүліктік жағдайын, тілін, дінге қатынасын, сенімін, тұрғылықты жерін жəне т.б. білдіреді.Жаңғыртудың келесідей негізгі міндеттері айқындалған:«Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асырудың, күшті мемлекет, дамыған экономика жəне Жалпыға Ортақ Еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі Қоғам қалыптастырудың тиімді ресурсы ретінде этносаралық қатынастарды үйлестіру жəне қоғамдық келісімді нығайту;этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы ұлттық бірлікті қалыптастыру, этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты нығайту үшін қолайлы жағдай жасау;этностық мəдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін одан əрі дамыту негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке қол жеткізу үшін этномəдени жəне басқа да қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет