6.Азаматтық қоғам - мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты. Азаматтық қоғам — адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар «азаматтық коғам» терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. азаматтық қоғамның бастапқы қаруы болып адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалынуы болып табылады..Азаматтық қоғамды жеке тұлғалардың экономикалық, құқықтық және басқа да қарым қатынастар арқылы байланысу жүйесі ретінде түсіну бірталай ойшылдардың, солардың ішінде Маркс пен Энгельстің еңбектерінде жарық көрді. Олардың шығармаларында меншік түрлерінің өзгеруі мен еңбектің бөлінуіне негізделген мемлекет пен қоғамның ара қатынасының динамикасы көрсетілген. Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздерін айкындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Азаматтық қоғамды құрайтын институттардың құқықтық негіздерін зерттеу үшін, ең алдымен сол қоғамды құрайтын тұлға мен азаматтың орнын белгілеп алған жөн. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сипаттайтын өзіндік құқықтары — қауіпсіздік, еркін өмір сүру, бәсекелестікпен азаматтық қызмет етуге, отбасы құпиясын сақтауға, ар-намысы мен ар-ожданын қорғауға, жеке меншікке қол сұғылмауын талап етуге, сейлесу тілін таңдап, оны қолдануға, еңбек ету бостандығына, тұрғын үйге қол сұқпауға, мұрагерлікке, кәсіпкерлік қызмет бостандығы мен тағы басқа мемлекетте қажет болып танылатын және бұжлытпай орындалып жүрген заңдық күші бар нормативтік-құқықтық кұжаттарда белгіленген құқықтарға ие болады және бұлар заңда көрсетілген міндеттерге де ие болады.Азаматтық қоғамның бір атрибутының бірі -дамыған қоғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін құрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады.Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған «Қоғамдык бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазакстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы және т.б.Қазіргі кезеңде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі өте қиын
-арнайы тарауларлар бойынша математика пәнінен электронды оқулықтарды қажеттіліктерге байланысты қолданып отыру, интерактивті кабинеттерде мүмкіндігінше көбірек дәстүрлі сабақ өткізуді дағдыға айналдыру, интерактивті тақтадағы математикалық мүмкіндіктерді аша білу, оқушыларды интернет кабинетінде жұмыс жасауға дағдыландыру үшін арнайы тапсырмалар беру, пән саласындағы жаңалықтар өзім де үзбей танысып отыру;техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары мен бағдарламалары талаптарын жүзеге асыру; мемлекеттік білім беру стандартындағы типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған күнтізбелік тақырыптық жоспарға үйлесімді таңдалған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу;-оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педогогикалық- инновациялық технологияларды қолдану, оқу-әдістемелік, ғылыми жаңалықтарды ұтымды пайдалану;-Болашақ маманның білімі мен білігі, дағдысы мен ғылымилығы оның шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын деңгейде болу шарт.Жаратылыстану пәндерінде сыни тұрғыдан әр-түрлі стратегияларды, жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтарының бірі, бәсекеге маман даярлаудың кепілі.Оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық-педогогикалықтехнология-білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға бағдар береді және күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылады, пәндік, инновациялық, педагогикалық құзіреттердің дамуы арқылы бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың танымдық, тәжірибелік қабілеттерінің дамуын, алған білімін кез-келген оқу және өмір, еңбек жағдайларында шығармашылықпен пайдалануын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |