7.ҚР Президентінің жолдаулары.І кезең – 1997-2004 жылдарТәуелсіздік алғанына 6-ақ жыл болған, саяси, әлеуметтік, экономикалық ұстанымдары енді ғана қалыптасып келе жатқан Қазақ елі үшін Президенттің алғашқы Жолдауы нағыз қозғаушы күшБола білді.Нұрсұлтан Ә. Тәуелсіз Қазақстанның үш түрлі геосаяси, географикалық және геоэкономикалық үш артықшылығына тоқталады.1998 жылғы Жолдауда Н. Назарбаев Қазақстандағы саяси реформалар мен демократияландырудың жеті негізгі элементін атап көрсетті. 2002 жылғы 16 сәуірде жасалған Жолдаудың да түп қазығы – «Қазақстан – 2030». Дегенмен, алдағы 2003-2005 жылдар «Қазақстандағы ауыл жылы» болып жарияланғандықтан, бұл Жолдау «Ауылға айрықша назар аударылады.. «Ауыл жылы» бойынша Қазақстанның көптеген ауылы қайта қалпына келтіріліп, ауылға назар аудару барысында көптеген іс атқарылды. 2003 жылғы Жолдау елдігімізді, рухани мұрамызды түгендеуге айрықша ықпал етті деуімізге болады осы Жолдауда «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша тапсырма берілді. Және бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында көптеген рухани қазынамыз түгенделді.2004 жылғы Жолдауды кемелденген елдің нағыз саяси төлқұжаты деуге болады. «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» деп аталатын Жолдауда Қазақстан дамуының нақты жетістіктері мен алдағы уақытта атқаратын істерінің нақтылығы тәнті етеді.«Бәсекеге қабілетті экономика», «Адам ресурстарын дамыту» және «Мемлекеттік бәсекелестік қабілет» деп аталатын үш үлкен тармақтан тұратын Жолдау қоғамның барлық саласын қамтиды.2000 ж Жолдауында жалақы мөлшері 25-30 пайызға көтеру тапсырылса, айналдырған төрт жылдың ішінде бұл көрсеткіш тағы да 10-15 пайызға көтерілді. ІІ кезең – 2005-2011 жылдарЕлбасы Жолдауларының екінші кезеңі ретінде 2005-2011 жылдардағы Жолдауларын алуға болады. Себебі бұл кезде әлемге танылған, дамудың даңғыл жолына түскен Тәуелсіз Қазақстанның кемелденген шағын байқауға болады. 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында Елбасы артта қалған 14 жылға шолу жасап, «Біз неден бастадық?» деген сауалға жауап іздейді.6 түрлі ерекше басымдықты қамтыған 2005 жылғы Жолдау өткен шаққа қорытынды жасап, алдағы бағындырар межені белгілеп бергендей2007 жылғы Жолдаудың бір айта кетер ерекшелігі, бүгінде елімізге танымал болған бірқатар мемхолдингтерді қайта жасақтау мәселесі көтерілді. 2008 жылғы Жолдау осы мәселеге арналды. Жаңару тақырыбы 2009 жылғы Жолдауда да жалғасын тапты. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» деп аталатын бұл стратегиялық бағдарлама осы жылдарға тура келген дағдарыс салдарынан сүрінбей өтуге негізделді. Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығымен тұспа-тұс келген Жолдау 2011 жылы 28 қаңтар күнІ жолданды.«Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпағымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». ІІІ кезең –Н.Назарбаев дамудың жаңа белесін «Қазақстан – 2050» стратегиясын жария етті.Үш үлкен бөлімнен, 7 тармақтан және жүзге тарта нақты ішкі тетіктерден құрылған бұл Жолдау нағыз дамушы мемлекеттік стратегиялық жоспары еді. Соның ішінде «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері» бүгінгі Қазақстанның ең қауіптенетін, ең сақтанатын қатерлері еді.2018 жылы 5 қазандағы кезекті жолдауы. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырды. Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс