5.Қазақстандық жол. Қазақстан полиэтникалық және поликонфессиялық мемлекет ретінде. Бүгінде Қазақстан жүз отыздан астам этнос өкілдерінен тұратын 18 миллионға жуық халқы бар полиэтникалық мемлекетке айналды. Жалпы, көпұлтты Қ.Р тарихи сын сағаттарда ұлтаралық келісімнің тұрақты болуы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінен,оның даналығы, кеңдігі деуге боларПрезидентіміз Н.Н.Ә еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, біздің көп ұлтты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, қауіпсіздігі қорғауға бар күш-жігерін салып, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық келісім мен тыныштықты сақтау ісіне, жіті көңіл бөліп келеді.. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.Бүгінде этносаралық, дінаралық татулық, әрине көптеген елдерге үлгі. Елбасымыздың бастамасымен 1990 жылы қаңтар айында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» құрылды. Дербес мекеме Қазақстан мұсылмандарының діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер, мешіттер мен шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынастарды реттеп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан діни басқармасы – күнделікті нақты істер атқару мен съезд аралық уақыттағы діни ахуалды басқаруды басшылыққа алатын орындаушы орган болып табылады. Өз кезегінде ислам дінінің ынтымақтастықта дамуына бағытталған игі істер атқаруда.1992 жылы 15 қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Аталмыш заңның негіздеріне сәйкес, діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің, халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздеріқалыптасты.Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекет ретінде 1995 жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО Басконференциясы қарарымен бекітілген.