1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет69/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156
Байланысты:
тарих сессия
2-бет Мазмұны, 1 darisbayan 3, Қазақстан тарихынан Мемлекеттік емтихан сұрақтары. doc (1), врПлан
ЖЕТІСУ КАЗАК ӘСКЕРЛЕРІ
Жетісу казак әскерлері 1867 жылы Сібір казактарының 9 және 10 полктері округінен құрылған болатын. ХІХ ғасырдың аяғында казак әскерлерінің басқармасы орналасқан Верный қаласынан басқа Жетісу казактары 13 станцияны мекендеді: Сергиополь, Үржар, Лепсі, Сарқан, Қопал, Көксу, Қаскетті, Голубов, Надеждин, Софийск, Үлкен Алматы, Шағын Алматы және Николаев станциясында орналасты. 1867 жылы Жетісу облысы құрылған еді. Бұл облыстың әскери губернаторы сонымен бір мезгілде Жетісу казак әскерлерінің тағайындалған атаманы болып та бекітілді. Бұдан басқа, олардың 17 жаңа ауылдары болды.

1894 жылдың басында Жетісу әскерінің аумағында шамамен 32,5 мың адам болды, оның ішінде – 25 мың және 7,5 мың басқа қалалықтар. Бейбіт уақытта әскерлер саны 1 атты полкі, ал соғыс уақытында – 3 атты полкі құрады. Жетісу казактарына өзін-өзі басқарудың жетілдірілген түрі тән болды. Өзін-өзі басқарудың басты органы – сход жиын маңызды рөл атқарды. Казактардың бұл жиналысына әскери топқа жатпайтын, басқа қалалық адамдар да қатыса беретін. Жетісу казактарының айналысатын негізгі шаруашылығы егіншілік, ал қосымша шаруашылығы балық аулау және омарташылық кәсібі болды. Казактар сонымен қатар саудамен де белсенді түрде айналысты. Жетісу казактарының қолында 281 мың десятина жер болды. Ол әр адамға шаққанда 28 десятинадан келді.


ОРАЛ КАЗАК ӘСКЕРЛЕРІ
Жайық казактарының ең алғашқы елді мекендері XVI ғасырда қазіргі Қазақстан аумағының солтүстік-батыс бөлігінде (Жайық (Орал) өзенінің бойында) пайда болды. Сондықтан да оларда өзін-өзі басқарудың элементтері көп болды. Казактардың қоғамдық өмірінің аса маңызды мәселелері әскери топта ұжымдық талқыға салу арқылы шешілетін. Патша үкіметі казактардың еркіндігін шектеу саясатын ұстанды. Олардың тұрмысына бірте-бірте қатаң әскери тәртіп енгізіле бастады. Мәскеу мемлекеті Жайық казактарына оңтүстік-шығыс шекараны қорғау және әскери отарлау міндеттерін жүктеді.Жайық казактары 1773-1775 жылдарда Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты. Мұның өзі патша үкіметі тарапынан Жайық казактарының өзін-өзі басқару құқығына қысым жасап, шектеулер қоюына қатысты болған еді. Соғыс аяқталған соң Жайық казак әскелері ресми түрде Орал казак әскерлері болып атауын өзгертті.ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орал әскерлері үш бөлімге бөлінді – Орал (орталығы – Орал қ.), Лбищендік (Либщен қ.) және Гурьевтік (Гурьев қ.). 1900 жылдың басына дейінгі деректер бойынша Орал казактарының саны отбасы мүшелерімен қоса 123 мың адамнан асатын еді. Бұдан басқа, Орал әскерлерінің жерінде казактарға жатпайтын 42,6 мың адам өмір сүрді. Жайық казактары XX ғасырдың басына дейін өздерінің дәстүрлерін, «байырғы ескі» тәртіптерін және тұрмыс-тіршілік салтын неғұрлым берік сақтады. Жайық казак әскерлерінде байырғы ескі діни наным-сенім ұзақ сақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет