1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақ даласында белдеу-шептердің құрылуы



бет67/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   156
Байланысты:
тарих сессия
2-бет Мазмұны, 1 darisbayan 3, Қазақстан тарихынан Мемлекеттік емтихан сұрақтары. doc (1), врПлан
Қазақ даласында белдеу-шептердің құрылуы
ХVІІІ ғасырдың 50-інші жылдарынан бастап отарлаушылар әскери-инженерлік шараларды іске асыру үшін Қазақияның солтүстік және шығыс өңірін қоршап, арнайы шеп (белдеу) құрудың жоспарын жасады. Нақтырақ айтқанда, Ресей үкіметі қазақ даласын әскери күшпен бағындырудың жоспарын жасап, территориялық отарлауды жүйелі түрде жүргізуді бастады. 
1742 жылы 20-ыншы мамырда Сенат шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жайында жарлық шығарды. Сөйтіп, қазақ даласын әскери бекіністер шебімен біртіндеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойына орыс халқы қоныстандырылып, орыс-казак станциялары мен шаруа слободалары пайда болды. 
Ескі Есіл шебі. 1711 жылы Ертіс жағасындағы Бөтен, Пустынный елді-мекендерден батысқа қарай Болшерецк, Абат, Қайдауыл, Қосқарағай елді-мекендері арқылы бір шеті Ор шебімен жалғасатын сызық жүргізілді. Ресми құжатта «Старо Ишимская линия» деп аталды. Бұл бір сөзбен айтқанда, Қазақия мен Русия арасындағы шекара болатын. 
1745 жылы Сібір шекара шептерін басқаруға генерал Киндерман келді. Ол іргедегі қазақ қоныстарына шабуыл жасаушы ойраттың қауіпінен сақтанып, «Старо Ишимская» шебін кей тұста 50, кей тұста 200 шақырым оңтүстікке жылжытып, кеңейті. Бұл істі Үкімет Сенаты қолдады. Осы белдеудің Есіл өзенімен қиылысқан тұсы Қызылжар деген жерге 1752 жылы бекініс салып, оған Петр және Павел әулиелердің атын берді [4]. 
Жайық шебі. 1734 жылы жоғарғы Жайық шебінің (кейін Орал шебі аталған) негізі қаланды. Шептің ұзындығы: Үйшіктен (қазіргі Атырау қаласы) басталып, Алабұға (қазіргі СҚО жері) шебіне дейін ұзындығы – 1780 шақырымды құрады. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар, 15000-ға жуық адам тұрды. 
Үй шебі. XVIII ғасырдың 30-40-ыншы жылдары жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған Үй шебі құрылды. 
Ертіс шебі. XVIII ғасырдың 50-інші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалаларын қамтыған) салу аяқталды. Ұзындығы – Омбыдан оңтүстік-шығысқа қарай Ертісті жағалай, Қытаймен шекара- дағы Урыльск селосына дейін жалғасып жатты. Ұзындығы – 1684 верст қашықтықты қамтыды. 
Бұл шептің бойында 5 бекініс (Омбы, Железинка, Ямышев, Семей, Өскемен), 10 форпост (Ачайрск, Черлак, Осморыж, Песчан, Чернорец, Коряков, Семьяр, Долон, Галиц, Убин), 29 далалық бекет және 35 белгі-мұнаралар салынып бітті. Бекіністердің ара қашықтығы 220-236 шақырым болса, форпостар мен далалық бекеттердің ара қашықтығы 4-27 шақырым болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет